Валюта бағамы: $ 412.55 465.73 5.79 ¥ 58.91

Ескелді ауданында кәсіпкерлік қарқынды дамып отыр   Алматы облысының Ескелді ауданы өткен жылды нәтижелі көрсеткіштермен қорытындылады. Бұл туралы Ескелді ауданының әкімі  Жұбаныш Ноғайбеков Жетісу ауылындағы Мәдениет үйінде өткен тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында жасаған баяндамасында жан-жақты әңгімелеген болатын.

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, Талдықорғанда ерте көктемнен-ақ бастау алған жылыту маусымына дайындық жұмыстары бүгінгі күні толық аяқталып, барлық жылыту жүйесі қыс ызғарына сақадай сай тұр. Коммуналдық қызметтердің қысқа әзірлігін қала әкімі Бағдат Қарасаев өз көзімен көріп, танысып қайтты. 

Макроөңірлерді магистральді автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты арқылы өзара байланыстыратын инфрақұрылымдық қанқа бойынша бірінші кезекте негізгі автожолдар жобасы жүзеге асырылуы қажет. Осы жобалардың қатарында Алматы – Өскемен автокөлік жолы да ерекше аталады. 

Ассамблея жылы 8 мың адамға қаржылай көмек көрсетілді Талдықорғанда Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылында Достық үйін ұстауға және Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қаржыландыруға 110 млн. теңге бөлінді, Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісу шаруаларының жоғары көңіл-күйін сездіреді   Алматы облысының аграршылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ауыл шаруашылығын дамытуға назар аударып отырғаны үшін алғыс айтуды жөн көріпті. Күзгі жиын-терін аяқталғаннан кейін Елбасына облыстың қызылша өсіруші шаруашылықтары басшыларынан хат келді.

Бұл құрылысқа 360 млн. доллар қаржы жұмсалады Алматы облысының әкімдігімен «Global Generation» ЖШС инвестициялық жобаларға қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы меморандум аясында Талдықорған қаласында қуаттылығы 440 ГКал/сағ. болатын жылу-электр орталығын салу бойынша атқарылатын шаралар пысықталынды.