Валюта бағамы: $ 412.1 454.34 5.82 ¥ 57.62

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптада болған Мәскеудегі жұмыс сапарының аясында Ресейдің «РИА Новости» және «Интерфакс» ақпарат агенттіктеріне сұхбат берді. Әңгіменің басты арқауы кедендік одақтың мүшелері – Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері арасындағы экономикалық ықпалдастықтың жаңа жауапты сатысы туралы болды.

Мәскеуде Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық интеграция туралы құжаттарға қол қойды. Сөйтіп үш ел бұдан бір жыл бұрын құрылған кедендік одақ аясындағы экономикалық ықпалдастықтың келесі – күрделі де жауапты кезеңіне қадам басты. Өткен аптада Мәскеуде Қазақстан…

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын ежелден ауыр индустрияның орталығы болып саналатан Қарағанды облысы да экономикалық және әлеуметтік салалардағы айтулы табыстармен қарсы алуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында аймақ халқының тәуелсіздік жылдарында қол жеткен толағай табыстары,…

Елімізде ауыл шаруашылығы дақылдарына, көпжылдық екпе өсімдіктерге, шабындықтар мен жайылымдарға алуан түрлі арамшөптер, өсімдік аурулары зиян келтіруде. Сондай-ақ қатерлі биологиялық нысандардың шекарадан еніп кету және таралу қаупі және бар. Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша жыл сайын республикамызға 100-ден…

17 қарашада Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік Стратегиясын» насихаттау бойынша семинар өткізілді. Аталмыш басқосу Алматы қаласындағы отбасы және отбасылық қарым-қатынас мәселесін шешу, сондай-ақ ел мегаполисінде жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша нұсқаулар…

Елбасы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында авиация зауытының ашылуына қатысты. Жалпы құны 1,6 млрд теңге тұратын аймақтағы осы жоба үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда. Елімізде ресейлік әріптестердің көмегімен мамандандырылған ауыл шаруашылығы ұшақтарын шығару жолға қойылатын болды.

Міне, екінші жыл бойына республикамызда жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның түпкі мақсаты бәрімізге айқын. Ол жедел түрде экономикамызды әртараптандыру. Қазіргідей дағдарыс заманында тек шикізатқа ғана байланып отыруға болмайды. Келешегін ойлайтын ел өңдеу саласын өрге бастыруға жете мән беруге…