Валюта бағамы: $ 412.55 465.73 5.79 ¥ 58.91

Биылғы жыл – жұмыр жердің бетіндегі қазақ атаулыға айтулы жыл екені күмәнсыз. Төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қазақ халқының басын бір тудың астына біріктіріп, тәуелсіздік туын көкке желбіреткен күннің 20 жылдық мерейтойын атап өттік. 20 жыл тарих үшін қас қағым…

Желтоқсан айының соңғы аптасы жер-жерлерде жыл сайын аталып өтетін үлкенді-кішілі ұжымдық кештерге толы болатыны белгілі. Дәстүрге айналған осынау жаңажылдық отырыстың ойдағыдай өтуі үшін кім де болсын аянып қалмасы анық.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өткен мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты.

Тарих табалдырығын имене аттаған әр жылдың өзіндік болмыс-бітімі, бет-бейнесі болады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа бағыт-бағдарларын паш етіп, жоғары өндірістік көрсеткіштермен қуантқан 2011 жыл сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің мерейлі 20 жылдығы зор өрлеу үстінде аталып өткен берекелі жыл есебінде есте қалады.

Бұған дейін хабарланғандай, 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласының орталық алаңында еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдық салтанатына жиналған қала халқының мерекелік шеруінің шырқын бұзған тәртіпбұзушылық оқиғасы орын алды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Б. Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары Ермахан Шайхыұлының «Аққудың сыңары» атты жаңа жинағының тұсаукесер рәсімі болды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты еңбек ұжымдарының мүшелері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Серіктестік Бас директорының кеңесшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Қалмырзаев «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. Әбекең ұзақ жылдар Республикалық қоғамдық саяси…

Маңғыстау облысының Жаңа Өзен қаласындағы оқиға барша республика жұртшылығымен бірге атыраулықтарды да алаңдатып отыр. Қаланың Исатай-Махамбет алаңына жиналған жұртшылық көршілес ағайындарды сабырлылыққа шақырды. Еңбек ардагері Кеңес Қосыбаев Атырау облысы халқы, зиялы қауымы, қоғам қайраткерлері, мұнайшылар халықтың барлық буын өкілдері…