Валюта бағамы: $ 399.51 447.33 5.78 ¥ 56.1

      Шежірелі тарихы тереңге тартатын, қойнау толы байлығы атын алысқа асырған Маңғыстау облысының тәуелсіз ел қазынасына қосып отырған үлесі қомақты. Табиғаты қатал, қазыналы өңір тәуелсіздік жылдары өсіп-өркендеді, дәулеті мен сәулеті келіскен іргелі аймаққа айналды. Бүгін біз халық игілігіне арналған осынау…

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай  Көлік және коммуникация министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және сарапшылармен бірлесе отырып «Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасын әзірлеген болатын. Жуырда Елбасы аталған бағдарламаны бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.

Неміс мұражайында еліміздің ұлан-байтақ даласынан әр кездері табылған құнды археологиялық жәдігерлер орын тепті. Оларды тамашалаған көрермен қауым табиғи түрінен айнытпай салынған екі мың жыл бұрынғы қорғанның көшірмесіне, әлемдегі ең көне мұрағаттың бірі саналатын төрт мың жылдық тарихы бар әскери…

Орталық Еуропаның ежелгі мәдениеті, өркендеп келе жатқан экономикасы бар дамыған мемлекеттерінің бірі – Польша бүгінде Қазақстанның көне құрылықтағы сауда-саттық жөніндегі басты әріптестерінің біріне айналған. Польша Республикасы Қазақстанмен арадағы  тауар айналымы көлемі бойынша Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері арасында бастапқы…

Қостанай өңірінде индустрияландыру картасына енген кезекті жоба өмірге жолдама алды. Облыстың Федоровка ауылында зығыр дақылын өңдейтін жаңа зауыт іске қосылды. Құрамында теңіз өсімдіктерінде кездесетін қышқылдары бар сұйық май тағамдық қуатымен қоса емдік қасиеті де мол өнім болып есептеледі.

Нобель сыйлығының иегері, белгілі математик әрі экономист Джон Форбс Нэш әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың «Экономика-математикалық әдістер мен үлгілер» атты кітабына өзінің жоғары бағасын берді.