Валюта бағамы: $ 411.54 458.13 5.84 ¥ 57.64
Тарифтер көтерілмейді

Астанада өткен брифингте ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев маусым айында газбен жабдықтау мен жанар-жағармайға тарифтер көтерілмейтіндігін мәлімдеді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Қызылордада кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Шараның салтанатты ашылуында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова облыс кәсіпкерлерін құттықтады.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Интеграция бәріне тиімді болуы керек

Астанада Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина және Қырғызстан мемлекеттері басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы болып өтті. Биыл бірінші рет өтіп отырған жоғарғы деңгейдегі бұл кездесуде өзара тиімді ықпалдастық үдерістерді одан әрі дамыту мәселелері сөз болды. 

Үкімет: іргелі істер үрдісінде

Елімізде мүмкіндігі шектеулі елу мың адам еңбекке араласып жүр. Бұл жұмыс істеуге қабілеттілердің 12 пайызы ғана. Тағдыр тауқыметін тартқан мұндай жандарды мемлекет кәсіби оқытуға, әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтуға тиіс. Үкіметтің селекторлық тәртіптегі отырысында мүгедек жандардың өмір сүру деңгейін жақсарту…

Түйткілдер түйінін тарқатуға талпыныс

Мамырдың төртінші аптасында өткен VI Астана экономикалық форумы Есіл жағасында әлемнің озық ақыл-ой өкілдерінің – ғалымдар мен  саясаткерлер, экономистер мен сарапшылардың басын қосты.

«Үркерге» бес жыл!

Жақында Қазақ  мемлекеттік  қыздар педагогикалық университетінде жастардың  сүйіп оқитын  «Үркер» әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси журналының  бесжылдық мерейтойы атап өтілді. Аталмыш білім ордасының ректоры Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева жиынды салтанатты түрде ашып, мерейтой иесі – «Үркер» ұжымының шығармашылығына сәттілік тіледі.

Шұбат байқауы өтті

Ақтау қаласында ерекше шара ұйымдастырылды. Халқымыздың ұлттық сусындарын кеңінен дәріптеу мақсатында қала тұрғындарына шұбат тегін таратылды. Бұл байқауға өңірдің алты аймағынан жиырмадан астам шаруалар ат салысты.