Валюта бағамы: $ 397.56 445.94 5.82 ¥ 55.96
Жел стансасы салынбақ

Елбасы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында елімізде электр қуатын үнемдеу мәселесін сынға алып, алдағы уақытта «жасыл экономиканы» қарқынды дамытуды тапсырған болатын.

Еліміздің көлік инфрақұрылымына қосылған жаңа нысан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында алып шаһардағы халық игілігі жолында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Елбасы қаладағы басты мәселелердің бірі болып отырған көлік қатынастарын реттеу мақсатында әл-Фараби даңғылы мен Розыбақиев көшесінің қиылысында салынып жатқан жаңа…

Ақ Орда

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бе­ла­русь астанасы Минскіде өткен Жоға­ры Еуразиялық экономикалық кеңеске және Тәуелсіз Мем­ле­кеттер Достасты­ғы мем­лекеттер басшы­ла­ры кеңесінің оты­­рысына қатысты. Қазақстан, Ресей және Беларусь мемле­кеттері басшылары деңгейіндегі шағын құрамдағы отырыспен басталған Жоғары Еу­ра­зиялық кеңесте ықпалдастық байланыс­тарды дамытудың өзекті мәселелері…

Үкімет: іргелі істер үрдісінде

Премьер-министр Серік Ахметовтің төрағалық етуімен өткен дәстүрлі Үкімет отырысында елімізде білім және ғылым саласындағы басымдықты бағыттар талқыланды.  Серік Ахметов Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында айқын көр­сеткен білім мен ғылым деңгейін әлемдік стандарттарға жақындату міндетінің ма­ңыз­дылығын атап өтті. Республиканың білім және…

Тағайындаулар

Асан РАУШАНОВ Атырау облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы болып тағайындалды Алтынбек НЫСАНҒАЛИЕВ Атырау облыстық мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалды

Тұңғыш рет ашылды

Жақында Өскемен қаласында тұңғыш рет ашылған кәсіпорында құс еті терең өңдеуден өткізілетін болады. Сондай-ақ, аталған кәсіпорында 150-ден астам өнім түрлері өндірілмек. Сонымен қатар, қызыл ет, шұжық өнімдері, жартылай фа­б­рикаттар да әзірленеді. 

Биоотынның шығыны да аз

Алматы облысында «Жасыл экономика» бағдарламасы аясында кішігірім зауыт іске қосылған болатын. Аталмыш зауытта дәнді-дақылдардың сабағынан биологиялық отын шығарылады. Алдағы екі жыл көлемінде облыстағы әлеуметтік нысандардың басым көпшілігі баламалы жылу көзіне көшірілетін болады.

Кәсіпкерлік шырғалаңына шек қойылуы тиіс

Таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Н. Назарбаев елімізде кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді тетігі ретінде жүзеге асырылып отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша көмекті ұсыну аясында тексеруші органдарға, әсіресе құқық қорғау органдарының шамадан тыс тексерулеріне наразылықтың көп екендігін жеткізді. Мемлекет…