Валюта бағамы: $ 397.56 445.94 5.82 ¥ 55.96

Биыл Сарыарқа төрінде сегізінші рет төрткүл дүниенің экономика мен саясат саласындағы марқасқаларының басын қосқан Астана экономикалық форумы «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбымен өтті. Жаһандану жағдайындағы әлемдік экономиканың даму болашағы, тұрақтылықты қамтамасыз ету және жаңа өсу мүмкіндіктері туралы форум…

Мемлекет басшысы бес реформа мен оларды іске асыру бойынша жүз қадамда индустрияландыруға, жаңа экономикалық өсімге үлкен көңіл бөлді. Бұл бағыт аясында жарияланған реформалар индустрияландыру саясатын тиімді жүргізуге ықпал етеді. Осы тұрғыда Астанада өткен жиында бірінші бесжылдықтың қорытындысы сараланып, келесі…

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасының жүргізушісі Эвелина За­камскаяға сұхбат берді. Ақорданың баспасөз қызметінен хабарла­ғандай, әңгіме барысында Қазақстан Президенті елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, ел экономикасын дамытудың негізгі бағыттары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ынтымақтастығының келешегі, жаһандық экономика дамуының…

ҚР Ұлттық банкі мен Ислам банкінің бірлескен саммиты аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Тун Абдул Разак университеті (УНИРАЗАК, Малазия) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қостанай облысындағы «Лидер-2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіріс ауқымын кеңейтіп, сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын жақында жаңа цехты  іске қосты.  

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу электронды түрде енгізілді.

 Бұл туралы жақында өткен Алматы облыстық мәслихатының кезекті ХХХХV сессия отырысында белгілі болды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нәфиса Сатыбалдинаның мәлімдеуінше, енгізілген өзгертулерге сәйкес облыс бюджеті 5 млрд. теңгеге ұлғайды.

Бұл игі іс мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асады Жамбыл облысындағы Жуалы ауданында оннан астам шаруа қожа­лықтары биылғы егіс науқанында 300 гектар алқапқа қант қызыл­шасын егуді жоспарлап отыр.  Бұл өңірде бұл дақылды өсіру бес жылдан бері тоқтап тұрған еді.