Валюта бағамы: $ 399.51 447.33 5.78 ¥ 56.1

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жобасы мақұлданды. Сонымен қатар күн тәртібінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және республикадағы қоғамдық кеңестердің жұмыстары талқыланды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстанның 2025 жылға…

Бүгінде әлем жұртшылығы қазақ халқын, Қазақстанды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев арқылы біледі десек, қателеспейміз. Тарих сахнасына көтерілген Алаш жұртының көшбасшысын саяси ғылым сарбаздары ең танымал мемлекет басшылары қатарына қосады. Ел басқару ісіндегі баспалдақтардың барлығынан абыроймен өткен Нұрсұлтан Әбішұлы халықтың…

Елімізде баспананың халыққа қолжетімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамытуды кешенді шешуге арналған «Нұрлы жер» бағдарламасына ерекше назар аударылып отырғаны мәлім. Құрылыс секторының деңгейін көтеріп, экономикаға әсерін нығайту бағытындағы мақсатты іс-әрекеттер Ақтөбе өңірінде де белсенді өріс…

Бүгінгі таңда елімізде жол битумына деген қажеттіліктің жыл санап арту үдерісі орын алуда. Бұл сұранысты республикадағы қуаттылығы бір миллион тоннадан асатын төрт битум өндіруші зауыт толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Индустрияландыру көшінде ілгері басқан осы кәсіпорындар қатарында Маңғыстаудағы «Caspi Bitum»…

Төскейді малға толтырған шаруаның, алқапты егінді жайқалтқан диқанның ала жаздай бау-бақшасын баптаған бағбанның ел ырыздығын еселеудегі еңбегі ерен. Жақында Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Онда агроөнеркәсіп кешенінің жетістіктерін паш ететін…

Ақсу қант зауытында арадағы он жылдық үзілістен кейін алғашқы қант алынды. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Ақсу ауданына барған жұмыс сапарында белгілі болды. Зауыттың жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан облыс басшысы кәсіпорынды аралап көріп, инвесторлармен зауыттың болашағы туралы мәселелерді…

Биылғы жылғы қаңтар айында Алматы қаласында саудаға шығарылған тұрғын үй-пәтерлердің орташа алғандағы әрбір шаршы метрінің бағасы 324,8 мың тенге (шамамен алғанда 1 мың доллар) деңгейіне жетті. Бұл дегеніңіз нені білдіреді? Осыдан он екі жыл бұрын, 2005 жылғы тамыз айының…

Қазақстанда тері бұйымдарын таңбалау жүйесі жобасын сәтті іске қосу үшін ақпараттық жүйе әзірленіп, қажетті нормативті-құқықтық актілер қабылданды. 27 қараша күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, тері бұйымдарын таңбалау жүйесі жобасын іске қосу жайында хабарлап,…