Валюта бағамы: $ 76.92 14.25 312.47 ¥ 136.7

Жоспар айқын, міндет зор

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында белгіленген міндеттердің орындалу барысын баяндап, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған жоспарлармен бөлісті.   

Оның айтуынша, минис­тр­лік қазіргі уақытта «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағ­дар­ла­масына қатысты жұмыс­тарды белсене атқаруда. Бағдарлама жобасын Үкіметке осы жылдың мамыр айында енгізу жоспарлануда.        
Сонымен қатар, ол министрліктің мың үш жүзге жуық ауылды оптикалық-талшықты желі­мен қамтамасыз ету жобасын іске асыруға кі­ріс­кенін айтты. Осының арқасында 2 миллион­нан астам адам кеңжолақты интернетке қол жеткізбек. Бұл жобаны 2020 жылға дейін мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясында жүзеге асыру көзделуде.
Сондай-ақ, биылғы жылы Астанада халық­аралық ЭКСПО – 2017 көрмесі өтетіні белгілі. Президент тапсырмасына сай көрме насанының бірі шара аяқталғаннан кейін халықаралық IT-стартаптар технопаркін құруға пайдаланылады.
Биылғы жылы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді барынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беруді іске асырмақ. 2017 жылдың соңына дейін мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтер үлесін 85%-ға ұлғайту жоспарлануда.
Халықты мемлекеттік қызметпен кеңінен қамту үшін осы жылдың І тоқсанында мемлекет­тік қызметтерді «Қазпоштаның» 2 мыңнан астам ауыл­дық бөлімшесі арқылы ұсыну жобасын іске қосу көзделуде.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру