Валюта бағамы: $ 448.01 495.86 5.64 ¥ 63.19

Қауіпсіздік – басты назарда болуы тиіс

Алматыда «Қазақстан лифт саласының трансформациясы. Даму келешегі мен сын-тегеуріндер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан Ұлттық лифтішілер қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырды.

2012 жылдан бастап Қазақстан лифт саласында лицензиялау алынып тасталып, лифт шаруа­шылығы діріл қағып, нарықта алақол қызмет көрсетуші ком­па­ниялар, лифт жабдығын жет­кізушілер пайда болды, лифт­тердегі төтенше жағдайлар көбейді. 2018 жылдың көк­те­мін­де Ақтөбе қаласында қызмет көрсетуші компания қызмет­кер­лерінің немқұрайлылығы себепті жас қыз мерт болды.
ҚР Индустрия және инфра­құрылымдық даму министрлігінің бастамасы бойынша Қауым­дас­тықпен бірлесе отырып, «Лифт­тер, эскалаторлар, траво­ла­тор­лар және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған көтергіштер. Жеткізу, орнату және пайдалануға қатысты талаптар» атты ҚР Ұлттық стандарты дайындалды. Биыл күшіне енген «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңына және «Азаматтарды қорғау туралы» ҚР заңына енгізілген түзетулерге сәйкес бұл стандарттарды лифт нарығына қатысушылардың барлығы орындауға міндетті.
ҚР Индустрия және ин­фрақұрылымдық даму ми­нистрі Бейбіт Атамқұловтың лифт саласындағы мәселелерге тікелей көңіл бөлуі арқасында Қазақстанда лифт саласының дамуы қарқын алып жатыр. Бұл өзгерістер ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жақында лифт саласын дамыту жөніндегі жол картасын қабылдауымен байланысты. Бұл құжатқа сәйкес лифттерді орнатумен, жөндеумен және қызмет көрсетумен ай­налысатын компанияларды міндетті түрде аттестациядан өткізу үшін тетікті жедел құру және біліктілік талаптарын дайындау арқылы сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, отандық лифт өндірісін дамытуға бағытталған міндеттер мен тәсілдер дайындалды. Іс-шараға қатысушылар маңызды міндеттердің бірі ретінде лифттерді өндіруге арналған жасақтаушыларды елге кіргізу үшін кедендік бажды алып тастауды атап өтті. Өйткені, 2019 жылдың қыс мезгілінің соңғы айынан бастап дайын лифттерге кедендік баж алынып тасталған болатын, осы тұста отандық өндіріске арналған жасақтаушыларға қатысты кедендік баж 15 %-ға жетті. Лифт­­тер өндірісімен байланысты қызметті «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қосу мәселесі пысықталмақ. Сондай-ақ, саладағы мамандарды оқытуға арналған орталықтарды құру жоспарлануда, нарық қатысушыларын міндетті түрде Қауымдастыққа мүше ету не­гізінде өзіндік реттеу тетігін ендіру мәселесі пысықталуда.
Осы оң өзгерістерге қара­­мастан, өкінішке орай, норма­тивтік мерзімі шығып кеткен лифттер мәселесінің келешегі бұлдыр болып отыр. Елімізде олардың 5000 бірлікке тартасы қызмет етеді, олардың ішінде 4000-нан аса лифт жылдам түрде жаңартуды қажет етеді, өйткені адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Оның үстіне, аталмыш жағдай қазіргі таңда елімізде белгілі бір әлеуметтік шиеленісті тудырып отыр. Осыған орай ТҮКШ-ны жаңғыртуға арналған мемлекеттік бағдарлама Қазақ­стандағы көне лифттерді ауыс­тыру бойынша төмен қар­қынды көрсетіп отыр. Бұған бірінші және төртінші қабат тұрғындарының экономикалық тұрғыда қызығушылық танытпай отырғандығы себеп, ал бұл қол­даныстағы заңнамаға сәйкес лифттерді ауыстыру бойынша жалпы үй деңгейінде шешім қабылдау үшін қажет. Оған қоса, бөлінген бюджет қаржысының қысқа мерзімге берілуі (7 жылға дейін) пәтер иелерінің көтеретін қаржылай салмағының артуына алып келмек. Осыған орай Қазақстан лифт қауымдастығы Қазақстан Үкіметіне еліміздегі лифт паркін реновациялауға арналған арнайы бағдарламаны дайындауды ұсынып отыр.
Біздің көзқарасымызша, арнайы бағдарлама пәтер иелерінің әлеуметтік ерек­шеліктерін (мүгедектер мен зейнеткерлер) ескеріп, қаржы­ландыру жаңартпалы несие негізінде ұзағырақ мерзімге қайтармалылық қағидасы бойынша жүргізілуі тиіс. Бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін отандық лифт өндірісшілерімен Off take ке­лісімшарттарды жасасу арқылы осы компанияларды іске тарту қажет. Бұл қауіпсіздікпен, қыз­метпен және қосалқы бөл­шектермен үздіксіз қамта­масыз ете отырып, отандық өндірісшілердің дамуына жол ашпақ. Қазіргі таңда Қазақстанда 4 лифт жасайтын зауыт бар, олардың өндірістік қуаттылығы жылына 3 500 лифтіні құрайды. Алайда олардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші іс жүзінде 5-15%-ға дейін жетіп отыр. Саланы дамытудан болатын жан-жақты ықпал оң нәтижесін беріп, жаңа жұмыс орындарын құрып, салық айналымын көтеріп, елімізде қаржының жинақталуына жағдай жасамақ.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру