Валюта бағамы: $ 448.01 495.86 5.64 ¥ 63.19

Кәсіпорындар бағасы құбылмалы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі туралы хабарламасын жариялады. Комитет мәліметтеріне жүгінер болсақ, онсыз да әупірімдеп өнім шығарып жатқан сладағы бағалардың күйі құбылмалы қалыпта қалып отыр екен.

Атап айтқанда, өнеркәсіптік өнімдерге өндіруші кәсіп­орын­дардың бағасы ағымдағы жылғы екі айда (2020 жылғы ақпан 2019 жылғы желтоқсанға) 0,1% тө­мендеді, делінген ведомство Баспасөз қызметінің жарияланымында. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде – 0,4%, өңдеу өнеркәсібінде 0,2% төмендеуі байқалған. Өнеркәсіптік өнімдер 0,3% арзандаса, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 2,1% қымбаттапты.
Айта кету керек, аса маңызды мұнай-газ өнеркәсібі және соның құрылымдары саласында да бағалар тұрақсыздық танытуда. Мәселен, өткен айда өндіруші кәсіпорындар бағасы мұнайға және табиғи газға – 1%-дан, бензинге 0,6% төмендепті, бағалар металл кендеріне – 5,5%, сұйытылған пропан және бутанға – 2,3%, көмірге – 1,4%, дизель отынына – 0,9%, мазутқа 0,8% жоғарылаған (кесте).


Құбылмалылық жағдай мына көрсеткіштерде де айқын аңға­рылады. Бағаның мырышқа – 5,9%, қара металдар илегіне – 4,9%, қорғасынға – 3,8%, алюминийге 1,1% төмендеуі, сондай-ақ бағалардың асыл металдарға – 1,4%, мысқа 1,1% жоғарылауы байқалып отыр.
Нақ осындай жағдай күнделікті сұранысқа ие тағамдар мен азық-түлікке қатысты да құбылмалы өзгеріспен сипатталуда. Мысалы, өндірушілер бағасының күрішке және балыққа – 1,6%-дан, бидай ұнына – 1,1%, құс етіне 0,6% төмендеуі байқалса, керісінше, бағалардың жармаларға – 3,3%, қара бидай ұнына – 3,1%, мал етіне – 1,7%, сүт өнімдеріне – 1,3%, өсімдік майына – 1,2%, макарон өнімдеріне және нанға – 0,5%-дан, қантқа 0,4% жоғарылауы тіркелген (инфографика).

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру