Валюта бағамы: $ 448.01 495.86 5.64 ¥ 63.19

Жасанды интеллект қаржы секторын жаңғырта ала ма?

Алматыда қаржы нарығы топ-менеджерлерінің «CFO IDEA EXCHANGE & NETWORKING EVENT 2020» VII жыл сайынғы саммиті өтті. CFO Summit 2020 өз алаңында белгілі қаржыгерлер мен саясаткерлердің, ірі отандық және халықаралық компаниялардың жетекші сарапшылары мен менеджерлерінің басын қосты. Саммит аясында Қазақстан Республикасы қаржы жүйесін дамыту келешегі, соңғы өзгерістер, трендтер мен инновациялар, сондай-ақ әлемдік экономиканың өзекті мәселелері қозғалды.

Қаржылық қызметтерді көрсететін ұйымдардың алдағы он жылдықта табысқа жетуі олардың заманауи инновациялық технологиялар көмегімен «қарапайым бизнесті» қаншалықты тиімді түрде жаңғырта білуіне тәуелді болмақ. Ең қызу пікір алмасуға түрткі берген «ERP болашағы» панельдік пікірталасында ERP жүйесінің (компания қорларын басқару жүйесі) ұтымды және тиімсіз тұстары кеңінен талқыланды. Аталмыш жүйені табысты түрде қолданған кезде бизнесті басқару тиімділігі артып, оның бәсекеге қабілеттілігі жоғарылайды.
Саммит кезінде спикерлердің бірі ретінде Майкрософт Қазақстан бас директоры Тибор Колеяк сөз сөйледі. Өзінің таныстырылымында ол Майкрософттың Жасанды интеллектісі көмегімен бизнестің қалай түбегейлі өзгерістен өтіп жатқандығын көрнекі түрде көрсетіп, деректерді басқару және компанияның қызметі мен тиімділігін жақсарту үшін осы деректерді талдау нәтижелерін ары қарай қолдану мәселесін тереңірек ашып берді.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру