Валюта бағамы: $ 448.01 495.86 5.64 ¥ 63.19

«Тұмар» үздіктерді таңдады

Нұр-Сұлтан қаласында «Қазмедиа орталығы» киноконцерт холында «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды.

Жеңімпаздар 10 номинация бойынша анықталды. Оларға естелік мүсінше мен 1 миллион теңге сыйақы берілді. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев барлық жеңімпаздарды құттықтап, «Үздік деректі фильм» аталымының мүсіншесін табыстады.
«ATAMEKEN BUSINESS» телеарнасының «Көршілер» фильмі жеңімпаз атанды. «QAZAQSTAN» телеарнасының «Ashyq alan» бағдарламасы жылдың үздік ток-шоуы атанды. Сонымен қатар «Үздік ойын-сауық бағдарламасы», «Үздік ақпараттық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік телевизиялық сериал», «Үздік тележурналист», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік тележүргізуші» сынды бірнеше аталым бойынша үздіктер анық-талды.
«Тұмар» Ұлттық телевизия­лық сыйлығы 2017 жылы Қазақ­стан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (ҚР АҚДМ) бастамасы бойынша тағайындалған. Бірнеше жылдың ішінде отандық телевизия­лық журналистиканың 36 маманы эксклюзив мүсіншенің иегері болды.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру