Валюта бағамы: $ 412.1 454.34 5.82 ¥ 57.62

Қауіпсіз деректер мен желілерді қолдана отырып…

Mastercard Қазақстандағы банктерді қолдану мерзімі өткен карталарды пайдалануға болатыны туралы хабардар етті. Карта пайдаланушыларға осы қызметті ұсыну туралы шешім банктердің қарауына байланысты қабылданады.

Бұл әр түрлі себептермен қайта шығарылған картаны алу үшін банкке бара алмайтын карта пайдаланушыларға қолайлы. Клиенттерге осы мүмкіндікті беру туралы шешім банктердің қалауында қалады. «Біз қазір барлығы адамдарға қолдау көрсету жолдарын іздейтініне сенімдіміз, сондықтан банк­терге мерзімі өтіп кеткен кар­талар бойынша операция жүргізуден бас тартпауға кеңес береміз. Бұл шешім эмитенттер тарапынан да, банк-эквайерлер тарапынан да банктер мен карта пайдаланушылар үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейі кезінде операцияларды дұрыс өңдеуді қамтамасыз етуге белгілі бір іс-әрекеттер мен баптауларды жүргізуді талап етеді, – деп атап өтті Қазақстандағы Mastercard-тың жаңа бас директоры Рафал Трэпка. Қолма-қол ақшасыз төлем біздің өміріміздің ажы­рамас бөлігі болып табылады. – Біз өз тарапымыздан Қазақ­станда банк картасында қа­рас­тырылған технологиялар мен артықшылықтардың қол жетімді болуын қамтамасыз етеміз. Оның ішінде карта пай­даланушылардың төлем жасау жолдарын таңдау еркіндігі бар. Ол сондай-ақ күнделікті мәсе­лелерді шешуде адамдарға қо­сымша қолдау көрсетеді».
Masterсard – төлем индус­триясындағы жаһандық тех­нологиялық компания. Негіз­гі мақсаты – қауіпсіз, жеңіл, тех­ноло­гиялық және қолжетімді транзак­цияларды қамтамасыз ете отырып, барлығына және барлық жерде басымдылық беретін сандық экономика­ны дамыту және күшейту. Қа­уіпсіз деректер мен желілерді қолдана отырып, серіктестік құрып, шабыттана алға даму арқылы адамдарға, қаржы инс­титуттарына, үкіметтер мен бизнеске өздерінің жеке әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін инновациялар мен шешімдерді ұсынады. Masterсard 210-ден аса ел мен аймақта бизнес жүргізіп, адамдардың барлығына баға жетпес мүмкіндікті ұсынып келеді.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру