Валюта бағамы: $ 412.1 454.34 5.82 ¥ 57.62

Балаларды қорғау – басты парызымыз

БҰҰ есебіне сәйкес, жаңа коронавирустың таралуын төмендету шараларымен қатар, COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық әсері бүкіл әлем бойынша миллиондаған балаларға апатты салдар әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар БҰҰ бүкіл­әлем­дік дағдарыс жағдайында дүниежүзіндегі балаларды қорғау бойынша шұғыл іс-әрекеттер жасауға шақырады. Қазақстанда дағдарыс білім беру, қауіпсіздік және денсаулық сияқты негізгі салалардағы балалардың игілігіне қауіп төндіреді. Қазақстандағы БҰҰ жүйесі неғұрлым осал топ­тарға ерекше назар салып, осы салада дер кезінде қолдауды қамта­масыз ету үшін күш сала­ды. «Бақытымызға орай, бүгінгі күнге дейін балалар аурудың ең ауыр белгілеріне ұшырамаған. Алайда олардың өмірлері толық­тай өзгерді. Мен отбасылар мен барлық деңгейлердегі жетек­шілерге балаларымызды қорғау үшін әрекет етуге үндеу саламын», – деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.
190-ға жуық елдегі мектептер­дің жабылуы 1,5 миллиард бала мен жастарға теріс әсерін тигізді. Әлемдегі барлық бала­лардың 60% толық немесе ішінара оқшаулау енгізілген елдерде тұрады. Қазақ­станда 4,5 миллионнан артық бала қашық­тықтан білім алып, 300 000 бала­ның электрондық білім алу үшін техникалық құралдары жоқ болса, шамамен 3000 кішігірім ауылдық көп салалы мектеп топтық білім беруді қамтамасыз етуде. Үкіметтің оқушыларға теледидар сабақтары кезінде ым тілін түсіндіру жөніндегі оң күш-жігеріне қарамастан, мүгедектігі бар және ерекше оқыту қажетті­ліктері бар балалар толық қатыса алмауда.
ЮНИСЕФ деректері бойын­ша, балалардың көпшілігі білім алу мен қарым-қатынас құруда технологияларды пайдаланатын­дықтан, Интернетті теріс әрі асы­ра пайдалану тәуекелі артуда. Қазақ­станда 50% бойжеткендер отбасыда тәрбиенің зорлық әдістеріне ұшырайды, оның ішінде 21% дене жазасына ұшыраса, 45% психологиялық агрессия мен зорлық-зомбылықты бастан кешіреді (ақпарат көзі). Оқшаулау уақытында тұрмыстық зорлықтың деңгейі одан да жоғарылауы әбден мүмкін. Көптеген балалардың қауіпсіздігі мен аман-саулығына қауіп төнуі мүмкін, оған қатал қарау, қатыгездік, зорлық, қанау, Интернеттегі зиянды контенттің таралуы кіреді.
Балалар мен жасөспірімдер­дің психикалық денсаулығы үшін де тәуекелдер ұлғаюда. Карантин уақытында барлық жастағы балалар мектептің жабылуы және достары мен туыстарынан айырылуына байланысты аландаушылық, жал­ғыз­дық және көңілі қалу сияқты күрделі эмоциялармен күресуде.
Бүкіл әлем бойынша жұмы­сы жоқ немесе табыстары төмен­деген отбасылар денсаулық сақ­тау мен тамаққа қатысты негізгі шығындарын қысқартуға мәж­бүр болуда, бұл балаларға, әйел­дерге және емізетін аналарға ерекше әсер етеді. Сонымен бірге, 23 ел қызылшаға қарсы иммун­дау науқанын тоқтатты. Қазақстан иммундаудың жоспар­лы бағдарламаларының көбін тоқтатты. Егер өте мұқият шара­ларды қолданбаса, жоспарлы иммундауды тоқтату болашақта вакцина көмегімен алдын алатын ауру­лардың өршуіне әкеліп соғады.
Балалардың тағамы өмірлік маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тіпті пандемияға дейін де бүкіл әлем бойынша тамақ­қа жарымау және баланың дұрыс өсіп-дамуының баяулауы алаң­дайтын деңгейде болса, семіру көрсеткіштері арту үр­дісін көр­сеткен. «Әлеуметтік қорғау шараларын күшейту аса маңызды және біз пандемиядан зардап шеккен кедей отбасыларға ақшалай көмекті ұсынуда Қазақ­стан Үкіметін толықтай қолдай­мыз», – деді Артур ван Дизен, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі.
Қазақстан коронавирустың өршуін басу үшін көптеген әрекет­терді іске асырып жатыр. Қазақстан Үкіметі отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және аналар мен нәрестелерге күтім жасау сияқты көрсетілетін қызметтердің үздіксіз басымшылықтарын орнату арқылы балаларға жанама әсерлерді азайту үшін шаралар қабылдауда.
Қазақстандағы БҰҰ Қазақ­стан Үкіметіне түрлі тәсілдермен қолдау көрсетуде. Ата-аналарға және күтім жасайтын адамдарға балалармен пандемия туралы қалай сөйлесу керектігі жайлы, өзінің психикалық денсаулығы мен балалардың психикалық денсаулығын сақтауда қандай әрекеттер жасау керектігі жөнінде, сондай-ақ балалардың оқуына қолдау көрсетуге көмек­тесетін құралдар бойынша практи­калық қолдауды қамтамасыз етеді.
БҰҰ жүйесі балаларға COVID-19 түсіну және тынышта­лу­ға көмектесетін ертегіні қазақ тіліне бейімдеді, сондай-ақ стигма және кемсітушілікпен күрес бойынша науқанды бастады. ЮНФПА (БҰҰ Халық қоныстану қоры) белсенді әкелікті насихаттау кампаниясын, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін COVID-19 туралы бейне­роликтерді, қазақ және орыс тілдерінде гендерлік негізде зор­лық туралы ақпарат парақтарын жасады. ЮНЕСКО тілшілерге арналған қазақ және орыс тілде­рінде жалған жаңалықтармен қарсы күрес бойынша құралды әзірледі, дауларды шешу дағдылары бойынша жастар семинарын және #BeActive спорт онлайн-кампанияны іске қосты, ол балалар мен ата-аналардың үйден оқуы уақытында білім беруді тиімді жоспарлауына қолдау көрсетеді. ЮНОПС (БҰҰ Жобаларды жүр­гізу басқармасы) балалардың қа­шықтықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін ноутбуктерді сатып алу және жеткізу арқылы қолдауды ұсынды.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру