Валюта бағамы: $ 412.1 454.34 5.82 ¥ 57.62

Теңгенің әлсіреуі және карантин

Наурыз айында қазақстандық банктердің қарыз қоржыны 723,4 млрд теңгеге артты. Соның салдарынан 2020 жылдың 1 сәуірінен 15 трлн 261 млрд тг құрады. Қазақстандық ЕДБ-тер «Халық» пен Kazkom біріккен кезден бері осыдан көп кредит бермеген екен.

Еліміздің 20 банкінде қарыз қоржынының өсімі орын алған. Қарқынның неғұрлым көп артуы «Халық банкте» байқалады – 262,3 млрд теңге. Салыстырар болсақ: қазақстандық ЕДБ-тер жартысынан астамында (27 банктің 15-інде) қаржы қоржыны, «Халықтық» бір айда ғана қосқан, көлемге де тіпті жете алмайды.

Сондай-ақ Jysan bank көрсеткіш­тері де шұғыл өсіп кеткенін атап өткен жөн. Мұнда кредиттеу көлемі 192,6 теңгеге – 22%-дан аса – артып кеткен. Нақ осы ЕДБ-тің қарыз қоржыны төртінші ай қатарынан артып отыр, нәтижесінде наурыздың қорытындысы бойынша оның жалпы көлемі 1 трлн теңгеден асып түскен. Jysan bank республикамызда осы шектен асқан алты ЕДБ-тің біріне айналды.

Көрсеткіштері нашарлаған банктерге қатысты айтар болсақ, мұнда «Еуразиялық банк» ерекше көзге түседі. Оның қаржы қоржыны 34,3 теңгеге қысқарған, бұл ретте қысқару екінші ай қатарынан (ақпанда – 29 млрд-қа) жүзеге асқан. Қазіргі көлемі – 686,5 млрд – бұл соңғы жылдардағы ең нашар көрсеткіш (1-инфографика).

МЕРЗІМІ ӨТКЕН ҚАРЫЗДАР ТӨРТТЕН БІРГЕ ШЕЙІН ӨСКЕН

Қаржы қоржынының өсуімен бірге төлем мерзімі өтіп кеткен кредиттер саны да артқан. Айдың қорытындысы бойынша бірден 23%-ға немесе 455,5 млрд теңгеге! Және де бұл кредиттік каникулдар жариялау (банктер төлемдер бойынша кейін шегеру мүмкіндігін беру туралы шешім шығарған) шаралары толықтай қанат жайған сәуір айында орын алып отырған жағдай.

Нәтижесінде мерзімі өткен кре­дит­тердің жалпы көлемі 2 трлн 423,6 млрд теңгеге жетті – бұл 2017 жылдың қарашасынан бергі максимум. Республиканың барлық ең ірі банктерінде көрсеткіштер тым көп өскен. Мәселен, «Халық банкте» – 74,9 млрд теңгеге, «Сбербанкте» – 6,8 млрд теңгеге, Forte Bank-те – 45,8 теңгеге, Kaspi bank-те – 55,4 млрд теңгеге өсіпті.

Кредиттерінің мерзімі өтіп кеткен бес банктің арасындағы жағдай мынадай:

Реттеуші тарапынан оған қатысты тексеру басталған Tengribank-те – 2020 жылдың 1 сәуіріне мерзімі өткен кредиттер мұнда 34,33% (+13,44 пайыздық пункт – п.п.) құраған;

 Capitalbank, мерзімі өтіп кетуі мұнда, біздің пайымдауымызша, қайтып оралмас шегінен асқан сияқты – 97,6% (+7,8 п. п.);

AsiaCreditBank, Tengri банкпен біріге алмай-ақ қойды, бірақ та Capital банкпен бірігу жұмысын жалғастыруда – 51,13% (+1,39 п.п.);

«ЗаманБанк» Ислам банкі активтерінің көлемі жағынан соң­ғының алдындағы орында – 39,32% (-4,78 п. п.).

Бесінші банк – Jysan bank. Мұндағы кредиттік қоржын өсімі мерзімі өткендердің үлесін ақпандағы 58,1%-дан наурыздағы 47,7%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берген. Алайда, абсолюттік сандарында ол, 505,6 млрд теңгеге жетіп, одан әрі өсе түсуде. Бұдан басқа, республикадағы тіпті өзге де ірірек ЕДБ-терде, осыншама мерзімі өткен кредиттері жоқ (2-инфографика).

СЫНДАРЛЫ СӘТТЕ

Jysan bank тағы бір көрсеткіштен – наурыздағы NPL өсімінен көшбастаушы. Басқаша айтқанда, бұл төлемдер мерзімі 90 күннен асып кеткен, яғни, оларды қарызгерлер коронавирус оқиғасы туындағаннан әлдеқайда бұрын – төленбей келе жатқан кредиттер. Ай қорытындысы бойынша кредиттің жалпы көлемі 79 млрд теңгеге  артып, 395,2 млрд тг құраған.

Жалпы банктер жүйесі бойынша NLP көлемі 149 млрд теңгеге (1 трлн 365,1 млрд тг-ге дейін – 2017 жылдың қарашасынан бергі максимум) артыпты. Олардың қарыз қоржынындағы үлесі 8,37%-дан 8,94%-ға дейін өсіп, жартыжылдық максимумға жеткен. Жалпы алғанда, осындай қарыздар көлемі тек төрт банктерде ғана қысқарған. Олардың тек біреуі ғана ірілер қатарына жатады: «Еуразиялық банкте»  NPL бір айда 3 млрд теңгеге азайған.

ХАЛЫҚТЫҢ САЛЫМДАРЫ 10 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ ЖАҚЫНДАДЫ

Наурыздағы маңызды оқиғалардың тағы бірі – теңгенің әлсіреуі – банктердегі депозиттік бөліктердің өсімінде тікелей аңғарылды. Бір жағынан бұған кредиттер бойынша пайыздардың ұлғаюы әсер етсе, депозиттердің жоғары деңгейде долларлануы одан да молырақ және айтарлықтай әсерін тигізген.

Осылайша, қазақстандық банктерде сақталатын салымдар, теңгеге қайта есептегенде кәдуілгідей көбірек салмақ иелене бастады.

Қорытындысында, жеке тұлғалар­дың салымдары кезекті рет тарихи рекордты жаңартты – 9,9 трлн теңге. Депозиттер көлемінің өсімі бір айда 378,3 млрд теңгені құраған, бұл – кем дегенде 2016 жылдың басынан бері қарайғы максималды өсім (сондай-ақ ақпан айында айтарлықтай 312,7 млрд теңгеге секірген). Өсімнің басым үлесін – 251,6 млрд тг – «Халық банк» қамтамасыз еткен.

Бұл ретте төрт банк халықтың салымдары жылыстауына ұшырап отыр. Олардың арасында Jysan bank пен Bank RBK (тиісінше -22 млрд және -21,8 млрд тг) бар. Сөйтіп, осы аталған екі ЕДБ-тер де, ақпанда иеленген, өсімдерінен айырылып қалған (3-инфографика).

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ӨСІМДЕРІ – ТАРИХИ МАКСИМУМДЕ

Заңды тұлғалардың салымдары бойынша аталғандардан да көп айтарлықтай өсім орын алған – 971,4 млрд теңге. Енді оның жалпы көлемі 9,26 трлн теңгені құрайды, бұл – 2017 жылдың басынан бергі максимум. Бірден төрт банкте салымдардың көлемі 100 млрд теңгеден астамға өскен. Бұл әдеттегі жағдайда адам сенбестей көрсеткіш, бірақ теңгенің әлсіреуі және бизнес іс-қимылының тоқтап қалуы (айналым капиталының бір бөлігі сақталуға аударылған) жағдайындағы нақты көрініс.

«Халық банкте» салымдар көлемі 287,2 млрд теңгеге өскен, «Ситибанкте» – 124,8 млрд тг-ге, «Сбербанкте» – 108,9 млрд тг-ге, Jysan bank-те – 100,8 млрд тг-ге өсіпті.

Соңғысы туралы айтар болсақ, заңды тұлғалар салымдарының өсімі 38%-ды құраған. Бірақ бәрінен де артық (64,1%-ға) Kaspi bank депозиттері өскен. Салымдардың жылыстауы тек үш банкте ғана: «Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкінде» (-11,9 млрд тг), «Хоум Кредит Банкте» (-25,3 млрд тг немесе 31,9%) және Kassa Nova-да (-7,7 млрд тг) орын алыпты.

НАУРЫЗ АЙЫ ТАҒЫ НЕСІМЕН  ЕРЕКШЕЛЕНДІ?

Сондай-ақ банктердің міндетте­мелері де тарихи максимумына жетті – 24,9 млрд теңгеден астам. Оның көлемі наурызда 2 трлн теңгеге артты – уақытта тағы бір сене қоймастай көрсеткіш. Бес банк 100 млрд теңгеден астам өсімді көрсеткен, бірақ айқын басым көшбастаушы «Халық банк» болып отыр – 949,2 млрд теңге.

Банктердің активтері 1,9 трлн теңгеге өскен, соның нәтижесінде олардың жалпы көлемі 28,6 трлн теңгеден асып түскен. Бұл да тарихи максимум болып табылады.

«Халықтық» көрсеткішін 939,5 млрд теңгеге – 9,6 трлн тг-ге дейін өсірген, бұл – банк секторынгдағы барлық көрсеткіштердің үштен бірі. Forte Bank тағы да 2 млрд тг биіктен асқан, ал Jysan bank республикадағы ең ірі ЕДБ-тер тізімінде 6-ншы орынға шығыпты.

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, банктердің наурыздағы жиынтық табыстары 98,2 млрд теңгені құраған. Бәрінен көбі – «Халық банкте» (26,4 млрд тг), сосын Kaspi bank-те (19,5 млрд тг), сондай-ақ көрсеткішін алты есе арттырған Jusan bank (18,6 млрд тг) еншісіне бұйырыпты.

Бұл ретте алты ЕДБ-тер, соның ішінде «Еуразиялық банк» (-1,2 млрд тг), минусқа жұмыс істеген. Жыл басынан бері банктер 248,7 млрд теңге табыс тапқан, минуске тек Tengri bank пен AsiaCredit Bank қана жұмыс істеген екен.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру