Валюта бағамы: $ 412.1 454.34 5.82 ¥ 57.62

Қазақстан – күш-жігердің лайықты үлгісі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавируспен күресте Қазақстанды үлгі етті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавируске қарсы күрес шараларына жоғары баға берді.
«Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақ­тандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі», – деп жазды Клюге Twitter-де.
ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы елімізде коронавируске қарсы күшейтілген бақылау; тестілеу, оның ішінде медицина қызметкерлерін тексерудің кең ауқымы; мәліметтерді цифрлық түрде жинақтау; профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуі және науқастармен байланыста болғандарды қатаң бақылау; науқастарды емдеудің дұрыс тактикасы; зерттеудің жүргізілуі сынды шаралар атқарылып жатқанын атап өтті.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру