Валюта бағамы: $ 412.1 454.34 5.82 ¥ 57.62

Бәсекеге қабілеттілік – уақыт талабы

Университет – жоғары оқу орны ғана емес, ғылым мен инновацияның зертханасы, өндірістің алғашқы баспалдағы. Кешенді зерттеулер, тың идеялар мен жаңа бастамаларға жол ашатын да осы университеттер. Сондықтан да білім және ғылым саласында олардың атқарар рөлі маңызды. Бұл ретте отандық жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білікті маман даярлауға баса мән беру қажет.

Әлемде жоғары білім берудің англо-американдық, роман және германдық негізгі үш жүйесі бар. Бүгінде Қазақстан жеке сұранысқа бағытталған англо-американдық үлгіге бет алып отыр. Оқыту процесінде де фундаментализм мен универсализмді қолданбалы ғылымдар мен жеке мамандану жүйесі алмастырды.
Халықаралық рейтингтер­дегі көрсеткіштерді жаңарту – талай жыл төккен тердің, ғылым мен білім саласындағы инновациялық ізденістердің нәтижесі. 2014 жылдан бері QS компаниясы Дамушы Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттерін­дегі университеттердің бөлек рейтингісін жасақтауды қолға алған болатын. Содан бері бри­тандық Quacquarelli Symonds (QS) компаниясы әлемдік озық жоғары оқу орындарының рейтингін жыл сайын жариялап келеді. Ал 2019 жылға арналған QS World University Rankings жүйесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 207-орынға шықты. https://www.topuniversities.com/university-rankings/eeca-rankings/2019).
Аталмыш рейтинг бірқатар категорияларға сүйене отырып жасалады. Яғни, оқу орнының ғылыми ортадағы, жұмыс беру­шілер алдындағы беделі, профессорлық-оқытушылық құрамы, интернет ресурстарды пайдалану тиімділігі, ғылыми мақалалар жариялау жиілігі мен оларға сілтеме жасалу деңгейі, шетелдік профессорлар мен шетелдік студенттер саны ескеріледі.
Қазақстандағы физикалық химияның дамуы 1936 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) Физикалық химия кафедрасының ашылуымен тікелей байланыс­ты. Ал еліміздегі химия ғылы­мының қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда академик А.Б. Бектұровтың есімін атамай кетуге болмас. Ол 1944 жылы ҚазМУ-ге ғылыми әлемде зор беделге ие Михаил Ильич Усановичті шақырған болатын. Сондай-ақ сол жылы университетте катализ саласындағы әлемге әйгілі ғалым, ҚазКСР ҒА академигі Д.В. Сокольскийдің ұйымдастыруымен Катализ және техникалық химия (қазіргі Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы) кафедрасы ашылды. Химия ғылымдары институтының катализ зертханасы және кафедраның ғылыми жетістіктері негізінде 1969 жылы ҚР ҰҒА Органикалық катализ және электрохимия институты құрылды, қазіргі уақытта ол академик Д.В. Сокольскийдің атымен аталады.
Айта кетейік, әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық универси­тетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы 2019-2020 оқу жылында айтарлықтай жетіс­тіктерге жетті. Химия ғылым­­да­рының докторы Т.С. Абиль­­­дин Қазақстан ұлттық жара­­тылыстану ғылымдары академия­сының академигі атанса, химия ғылымдарының кандидаты, профессор Л.Р. Сасыкова ЖОО Үздік оқытушысы дәрежесіне жетті. Химия ғылым­­дарының кандидаты, доцент Ж.Х.Ташмухамбетова Еуропалық ғылыми-өнер­кәсіптік консорциум тағайын­дай­тын Д.И. Менделеев медалімен және Ресей Жаратылыстану академиясының, ғалымдардың, оқытушылардың және мамандардың халықаралық ассоциациясы ұйымдастырған IV ғылыми-практикалық конференциясында дипломмен марапатталды. Кафедра меңгерушісі химия ғылымдарының докторы, профессор Е.А. Аубакиров пен химия ғылымдарының кандидаты А.А. Батырбаева дайындаған студенттер командалары 25-27 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің химия және химиялық технология факультетінің ұйымдастыруымен химик-технолог мамандықтары үшін студенттердің республикалық пәндік олимпиадасында жүлделі I, II орындарды иеленді. Phd докторы, аға оқытушы Н.Ж. Құдай­бергенов биылғы жылғы «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында дәстүрлі «ҚазҰУ-дің үздік жас ғалымы» атты байқаудың жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ кафедраның оқы­ту­шылары алыс және жақын шетелдерде болатын халықаралық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасау арқылы өзінің біліктілігін арттырып келеді. Кафедрада халықаралық гранттар мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асатын жаңа ғылыми бағыттағы зерттеулер қалыптасқан. Сол арқылы жас ғалымдардың ғылымға деген құлшынысы оянып, «ғылыми мектептер» пайда болуда. Студенттер, магистранттар мен докторанттар ғылыми зерттеу кафедрасында өздерінің тәжірибелік жұмыстары арқылы алғысқа бөленуде.

Жәния ЕШОВА,
Сапаркали ҚОНУСПАЕВ
әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің
физикалық химия,
катализ және мұнай химиясы
кафедрасының оқытушылары


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру