Валюта бағамы: $ 412.55 465.73 5.79 ¥ 58.91

Жаңа өсу сапасы: Әлеуметтік-саяси жүйедегі ілгерілеу

25 мамыр, дүйсенбі күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңға қол қойды.

Сайлауалды бағдарламасында Қ.К. Тоқаев өзінің басқарушылық саясатының негізгі ретінде «Сабақ­тастық. Әділдік. Өрлеу» ұстанымдарын нақты айқындаған болатын. Бүгінде бұл ұстанымдар мемлекет бас­шысының саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы алға қойған реформа­ларының негізі болып табылады.
Коронавирустық пандемия жағдайында, оның әлемдегі ұлт­тық экономикаларға тигізетін теріс салдарлары тұрғысындағы барынша өзекті мәселе – экономиканы әрі қарай дамытуға назар аудара отырып, Мемлекет басшысы экономикалық даму мен әлеуметтік-саяси өмірді жаңғырту процестері синергиясының маңыздылығын атап өтті. Экономикалық өсудің жаңа сапасына қол жеткізу әлеуметтік-саяси жүйедегі ілгерілеу жағдайында орын алуы тиіс.
Заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда, мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республи­касындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң елдің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарады, яғни митингілердің жаңа мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, қо­ғам­дық тәртіпке зиян келтірмей, қазақ­стандықтардың азаматтық белсенділігін танытуы үшін жағдай жасайды.
Жаңа заң тұжырымдамалық аппаратты нақтылап, негізгі ұғымдарды реттейтінін атап өткен жөн. Бұл заңның дұрыс түсіндірілуіне мүмкіндік береді. Бір айта кетерлігі, 1995 жылғы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу туралы» заңда тұжырымдамалық аппарат болған жоқ.
Егер бұрынғы заң бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді алдын ала рұқсат алу негізінде мүмкін деп таныса, бұл жолғы заң бейбіт жиналыстарды ұйымдастырудың және өткізудің хабарламалық және өтініш беру жүйесін қарастырады. Соңғы жаңартуларға сәйкес, пикеттер, жиналыстар, митингілерді ұйымдастыру және өткізуде хабарламалар жүйесі, ал демонстрациялар, шерулер ұйым­дастырылған жағдайда өтініш беру жүйесі енгізілді.
Аталған заңда бейбіт жиналыс­тарды ұйымдастырушы мен қатысушының құқықтары мен мін­деттері толық­қанды қарас­тырылған. Бейбіт жиналыстарды ұйым­дастырушы немесе ұйымдас­тырушының өкілі болмаған жағдайда өткізуге жол берілмейді.
Жалпы алғанда, «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңның қабылдануы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі деңгейінде бастама ретінде көтерілген және ел Президентінің қолдауымен жүзеге асырылған саяси реформалар пакетіндегі маңызды тараулардың бірі болды.

Жанна КАРИМОВА,
ҚР Президенті жанындағы
ҚСЗИ-дың Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер
бөлімінің басшысы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру