Валюта бағамы: $ 76.92 14.25 312.47 ¥ 136.7

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршаға ортақ міндет

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), ЮНЕСКО, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі 2020 жылғы Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы жаһандық есепті жариялады.

Жаңа баяндамаға сәйкес, әлемдегі балалардың жартысы немесе жылына шамамен 1 миллиард бала жарақат алуға, мүгедектікке және өлімге әке­летін физикалық, жыныстық немесе психологиялық зорлық-зом­былыққа ұшырайды, өйткені елдер балаларды қорғаудың бел­гіленген стратегияларын ұс­тан­­бауда. Кез келген дағдарыс немесе төтенше жағдай балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күрес жағдайын нашарлата­ды, бұл COVID-19 пандемиясы кезінде байқалып отыр.
Қазақстан үкіметі халықара­лық серіктестермен және аза­маттық қоғам ұйымдарымен бірлесіп, балаларға қатысты зорлық-зом­былықпен күресуге қаражат бө­луде. Отбасындағы зорлық-зом­былық құрбанда­рына қызмет көрсету, балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік және балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарлау тетік­тері үшін заңнама күшейтілді. Патронат медбикелердің отбасы­лық сапарлары жүйесі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алуға және оны жоюға бағытталған. Сонымен қатар, интернат типіндегі жабық мекемелерде тұратын балалар­дың құқықтарының сақталуын бақылаудың тәуелсіз жүйесі енгі­зілді. Осы жылы бала құқығын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және жасөспірімдер арасындағы суицидтік мәселелерді шешу бойынша 2020-2023 жылдарға ар­налған кешендік жол картасы қабылданды. «Біз Қазақстан үкіметінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою бағы­тындағы ілгерілеушілігін қол­даймыз. COVID-19 пандемиясы үйдегі зорлық-зомбылықпен күресу және балалардың құқығын қорғау қажеттілігін күшейтті. Карантин және мектептерді жабу оны шұғыл тапсырмаға айналдырды. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің ба­сым бағыты болып табылады», – деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің өкілі Артур ван Дизен.
ЮНИСЕФ әлеуметтік жағы­нан осал топтардағы бала­ларға, мүгедек балаларға және интер­нат мекемелерінде тұратын ба­ла­ларға ерекше назар аудара отырып, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың ал­дын-алу және жеткіншектерді қорғау бойынша Қазақстан үкіметімен тығыз қарым-қатынас жасайды. 2013-2017 жылда­ры ЮНИСЕФ Қазақстандағы мем­­лекеттік органдармен бір­лесіп, оқушылардың арасында психоәлеуметтік дағдыларын дамыту, сонымен қатар қауіп факторлары мен зорлық-зом­былық жағдайларына жауап беру тетіктерін әзірлеу үшін мектептегі зорлық-зомбылық­тың алдын-алу бағдарламасын жасап, сынақтан өткізді. Ұлттық білім академиясының қол­дауымен бұл әдіс білім беру жүйесінің стандарттары мен құзыреттеріне енгізілуде. 2018 жылы ЮНИСЕФ балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрінің жағымсыз сал­дары және білім берудегі оң көз­қарастардың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастады. 2020 жылы ЮНИСЕФ Білім және ғылым министрлігінің қол­дауымен Ұлттық еріктілер желі­сімен бірлесіп, оқушылар мен мұғалімдерге мектептердегі қорлау мәселесін шешуге көмектесу үшін Қазақстанның 5 аймағында жастарды еріктілер ретінде тартады. Бүгінгі күні 2 000 бала мен 1 500 ата-ана үшін он­лайн сабақтар өткізілді. ЮНИСЕФ мемлекеттік орган­дар­мен бірлесе отырып, балалар­ға қатысты зор­лық-зомбы­лық­қа қарсы әрекет ету бойынша қажетті іс-шараларды жоспарлау мақсатында осы жәйттер туралы әкімшілік дереккөздерді талдауға бастамашылық етті.
Әр отбасының әл-ауқаты – бұл, ең алдымен, қоғамдағы тұрақтылық пен мемлекеттің табысты дамуының негізі. Бүгінгі таңда отбасы институтын, әсіресе жаһандану процесінде күшейту қажет. Қазақстан қабылдаған барлық шаралар қоғамда әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтарға «нөл төзімділік» атмосферасын құруға бағытталған. «2019 жылы президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды, сондай-ақ олардың отбасыларын қорғаудың тұтас бағдарламасын құруды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта Ұлттық комиссия әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа құралдар тізімін жасауда. Біздің міндетіміз – проблемаларды бөлек-бөлек шешпей, оларды жоюға мүмкіндік беретін жүйелі шараларды дайындау», – деді Қазақстан Республикасы Әйел­дер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру