Валюта бағамы: $ 76.92 14.25 312.47 ¥ 136.7

Қазақстан және әлемде финтехтің дамуы

29 маусым мен 3 шілде аралығында онлайн-форматта Astana Finance Days конференциясы өтті. «Өзгермелі әлемдегі нарықтарды дамыту және пандемияның жаһандық экономикаға әсері» тақырыбына арналған жиында жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, АХҚО құқығы, ислам қаржысы, сондай-ақ адами капиталды дамыту секілді бағыттарға назар аударылды.

Жиында қазақстандық және шетелдік сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Коронавирус бүкіл әлемдегі компаниялардың жоспарларына елеулі түзетулер енгізді. Елдер үкіметтерінің енгізген шаралары компаниялардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтатуға алып келді. Осы тұрғыда қаржы технологиясы секторының компанияларында жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Осылайша, Tech Nation amd Dealroom есебіне сәй­кес, финтех коронавирустық дағдарыс кезінде тұрақтылық көрсетті, ал 2020 жылы Лон­донның технологиялық компаниялары барлық вен­чур­лік инвестицияның 39%-ын құрады. deVere Group кон­салтингтік компаниясы жүр­гізген басқа зерттеу пандемия аясында Еуропа тұрғындары финтех-қосымшаларды 72%-ға жиі пайдалана бастағанын хабарлайды.
Қазақстан мен Орталық Азиядағы жағдай да осы шамалас. Осылайша Қазақстанда банктер мен басқа да кредиттік ұйымдардың уақытша жабылуына байланысты қаржы институттары өздерінің цифрлық сервистерін дамыта бастады. Мысалы, карантин аясында алғаш рет карточкалық шоттарды қашықтан ашу қызметі пайда болды. Сәуір айының соңына қарай 1 миллионнан астам адам карточкалық шоттарды ашуға онлайн өтінім беріп, 700 мыңға жуық адамға үйге жеткізіліп берілген.
Сарапшылар финтехтың дамуы және банктерге бармай-ақ алуға болатын жаңа қызметтер тренді одан әрі дами береді деп есептейді. Орталық Азия елдері халқының жартысына жуығы әлі күнге дейін қаржылық қыз­­меттермен қамтылмаған, дегенмен интернет желілерін дамыту бұл жағдайды түзетуі мүмкін. Мысалы, 2019 жылы Дүниежүзілік желінің ОА-ға енуінің орташа деңгейі 49%-ға бағаланды және бұл банктерге өздерінің digital-қызметтерін дамытуға мүмкіндік берді. Бұл 79%-дық көрсеткішке ие Қазақстан мен 50%-ды көр­се­тетін Қырғызстан мен Өз­бекстан үшін өте өзекті.
Мобильді банкинг қаржы институттарына филиалдары мен бөлімшелері жоқ шалғай аудандар мен ауылдық жерлерде өз қызметтерін ұсынуға көмектеседі. Бұл көрсеткіш Интернетке мобильді қолже­тімділіктің арқасында Орталық Азия бойынша орта есеппен 60%-дан асуы мүмкін.

БЕКЕТ КӨКЕНАЙҰЛЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру