Валюта бағамы: $ 76.92 14.25 312.47 ¥ 136.7

Мұқтаж жандарға көмек қолын созды

Help Today қоғамдық қоры Хантер синдромы бар балаларды қолдау үшін қайырымдылық көмек алды. Әлемде және Қазақстанда өршіп тұрған коронавирустың жаңа типі өзге аурулардың бірқатарын екінші орынға ығыстырды, дегенмен әртүрлі дертке шалдыққан пациенттер әлі де көмек пен қолдауды қажет етеді.

Осылайша, COVID-19 пан­демиясы жағдайында Қазақ­станда созылмалы ауру­лары бар пациенттерге препарат­тарды жоспарлы енгізу үшін инфузиялық жүйелердің тап­шылығы байқалады, өйткені бұл жүйелер ауыр жағдайдағы па­циенттер үшін пайдаланыла­тын қарқынды терапия және реани­мация бөлімшелерінің жұмыс істеуіне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, сирек генетикалық ауру II типті мукополисахаридоз (МПС II,) ретінде белгілі Хантер синдромы бар пациенттерге – жанама реакциялардың өсуіне және емге бейімділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін ферментті алмастыратын терапияны (ФАТ) тиісті енгізумен қиындықтар туындайды.
Ауыр науқасты балаларға кө­мек көрсету және Қазақстанда­ғы қайырымдылық және волонтер­лік қызметті дамытуды міндеті санайтын Takeda Pharmaceuticals жаһандық биофармацевтикалық компаниясының ресми өкілі – «Такеда Қазақстан» компаниясы қордың қамқорлығындағылардың мәселесін шешуге көмек қолын созды. Takeda Хантер синдромы бар пациенттердің проблемаларымен жақсы хабардар, өйткені осы ауруды емдеуге арналған препарат – идурсульфазаны нақ осы компания нарыққа шығарады. Осы қиын кезеңде Қазақстанда Takeda республиканың әр түрлі аймақтарынан ІІ МПС бар па­циенттердің сұраныстары негізінде «HelpToday» ҚҚ-на елдегі бар­лық тіркелген пациенттердің қажеттіліктерін жабуға мүмкіндік берген қайырымдылық көмек бөлді.
Қор бөлінген қаражатқа Қазақ­стандағы барлық мұқтаж жандарға 1 жыл бойы инфузия жүргізу үшін қажетті инфузиялық жүйелер сатып алды. Сондай-ақ олар үшін қайырымдылық шеңберінде ЭАТ препараттарын тасымалдау кезінде суық тізбекті ұстап тұру үшін тоңазыту элементтері бар қажетті термосөмкелер ұсынылды. «II МПС бар пациенттерді ба­қылайтын біздің мекеме әр пациенттің инфузиялық жүйелер мен термосөмкелері бар пакеттерді уақытында алуы үшін атаулы көмек ұйымдастыруды өз мойнына алды, олар қазір қажеттінің бәрін алып үлгерді. Тұрақты қолдауды қажет ететін сирек аурулары бар пациенттерге көмек көрсетуге мүмкіндік бергені үшін біз «Таке­да Қазақстан» компаниясына алғысымызды білдіреміз. ҮЕҰ-ның әлеуметтік-жауапты бизнес өкілдерімен осындай ынтымақтастығы арқасында біздің ерекше пациенттер қазіргі уақыттағы қиындықтарды жеңе алады және олар біз сияқты індеттің аяқталуын күтуде», – деді «Help Today» ҚҚ директоры Эльмира Әлиева.
Сондай-ақ «Такеда Қазақ­стан» компаниясы қордың қамқорлығындағы Қызылорда облысында тұратын, аз қамтылған отбасынан шыққан 2008 жылы туған пациентке көмектесті. Оған ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы арба сатып алынды, пациент бұған шілде айының соңына дейін қол жеткізеді. «Жаңа типтегі коронавирус біз үшін де, барлық фармацевтика саласы үшін де маңызды сын болды. Біз қазіргі уақыт көшбасшылық қағидаттарын ұстана отырып, денсаулықты нығайту және өмір сапасын арттыру үшін пациенттерге тиімді препараттар мен инновациялық шешімдер беру тікелей міндеттеріміз ғана емес, сондай-ақ біздің әлеуметтік жауапкершілігімізді көрсетер уақыт деп есептейміз. Біздің компанияның бұл ұмтылы­сы бірқатар қайырымдылық сипаттағы жобаларға айнал­ды, солардың бірі – Help Today қоғамдық қорымен ынты­мақ­тастық. Ол болашақта да жал­ғасын табады деп үміттенемін, өйткені біз пациенттерімізге пайда әкелетін және денсаулық сақтау мәселелерін шешуге көмектесуге мүмкіндік беретін қайырымдылық бастамаларды қолдауға әрдайым дайынбыз», – деп атап өтті «Такеда Қазақстан» директоры және Азия-Кавказ кластеріндегі Takeda басшысы Арминас Мацевичус.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру