Валюта бағамы: $ 76.92 14.25 312.47 ¥ 136.7

Дүбірлі додада бағын сынамақ

Алдағы уақытта Чехияның астанасы Прагада өтетін әйелдер теннисінен халықаралық додаға қатысатын спортшылар тізімі шығарылды. Аталған жарысқа қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қатысады.

Теннис бәсекесіне Симона Халеп, Белинда Бенчич, Петра Мартич, Маркета Вондроушова, Мария Саккари, Анетт Контавейт, Элизе Мертенс, Донна Векич, Даяна Ястремская, Каролина Мухова, Екатерина Александрова, Анастасия Павлюченкова және де Вероника Кудерметова сынды танымал спортшылар қатысады. Айта кетерлігі, аталған турнир сәуір айының соңына жоспарланып, коро­навирус пандемиясына бай­ланысты кейінге шегерілген болатын. Жарыстың жалпы жүлде қоры 225 мың долларды құрамақ.
Ал футболдан ұлттық құрама арасында Ұлттар лигасының еліміздегі алғашқы матчы Алматының Орталық стадионында өтетін болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама командалары департаментінің директоры Қайрат Нұрдәулетов мәлімдеді.
Сонымен қатар Қайрат Нұрдәулетов УЕФА басшы­лығы 1000 адамға дейін ста­дионға жанкүйер кіргізуге рұқсат бергенін мәлімдеді. «Әрине ең алдымен барлығы сол елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты екенін ескерген жөн. Мысалы, матч қабылдайтын елде жағдай тұрақты деп саналса барлық санитарлық талапты сақтап, жанкүйер кіргізуге болады. Ал матч індет кең таралып жатқан елде болса, онда футболшылар жанкүйерсіз ойнайды», – дейді ол.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы­ның С дивизионында Алба­ния, Беларусь және Литва футболшыларымен бір топта өнер көрсетеді. Егер бұл дивизионда Қазақстан құрамасы топжарса онда бір саты жоғары көтеріліп В дивизионында өнер көрсетуге жолдама алатын болады.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру