Валюта бағамы: $ 76.92 14.25 312.47 ¥ 136.7

Жерлесіміз халықаралық сыйақыдан үміткер

Қазақстандық параолимпиадалық спортшы Әлия Раева айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгені және қоғамның дамуына зор үлес қосқаны үшін Герман Гмайнердің халықаралық сыйақысына тағайындалып, соңғы дауыс беру кезеңіне өтті. Жеңімпаз жинаған дауыс санына байланысты белгіленеді. Дәл қазір Әлия екінші орынды иеленуде.

Әлия SOS Алматы Балалар қалашығының тәрбиеленушісі. Дүниеге келген бойда Әлияға балалардағы церебралды сал диагнозы қойылып, соның сал­да­рынан бойжеткен шағында бірнеше күрделі ота жасалды. Дәрігерлер Әлия жүре алмайды деген шешім шығарды. Алайда жақындарының қолдауымен, өзінің ерік-жігерінің арқасында Әлия қорқынышты ауруды жеңіп шықты. Аяғына тұрып, толыққанды білім алып, өмірлік серігін кездестіріп, отбасын құрды. Сүйікті жұмысына адал, мақсаттарына берік жан. Қазіргі таңда қоғамдық қорда қызмет атқарып, қиын жағдайға тап бол­ған адамдарға өз-өзіне деген сені­мін қайтаруға көмектесуде.
Әлияның өмір хикаясы сый­ақы ұйымдастырушылары­ның көңілінен шығып, бүкіл әлем­нен қатысқан 200 үміткердің арасынан іріктеліп, 8 финалдық қатысушының санына ілінді.
Герман Гмайнердың сыйақы­сы SOS Балалар қалашықтарының белгілі жетістіктерге қол жеткізіп, басқаларға (спорт, шығар­машы­лық, кәсіптік тарапынан) үлгі бола алатын тәрбие­ленуші­леріне тағайында­лады. Сыйақы екі жыл­да бір рет ең көп дауыс жи­наған әйел және ер адамға беріледі.
SOS Балалар ауылдары жетім және ата-анасының қамқор­лығынан айырылған балаларға ұзақ мерзімде отбасы үлгісінде тәрбие берумен айналысады. Алғашқы SOS Балалар ауылы 1949 жылы Имст қаласында (Австрия) австриялық педагог Герман Гмайнердің бастауымен ашылған. Бүгін SOS Бала­лар ауылдары әлемнің 136 елінде мыңдаған балаларға сүйіс­пеншілік пен қамқор ортада өсуге мүмкіндік беріп келеді. Қазақстанда SOS Балалар ауыл­дары 1994 жылдан бері Алматы, Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларында жұмыс атқарып жатыр.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру