Валюта бағамы: $ 76.92 14.25 312.47 ¥ 136.7

Негізгі капитал ауқымы артты

Бес айда егіншілік, мал шаруашылығы, аң аулау, сондай-ақ осы салаларда қызмет көрсетуге 144,49 млрд теңге, яғни бұдан бір жыл бұрынғыдан 16,4%-ға артық инвестиция салынған. Бұл ауыл, орман және балық шаруашылықтарындағы күрделі қаржы жұмсалымының жиынтық көлемінің 99,5%-ы болады екен. Осы саладағы инвестициялар қоржынының тағы 0,5%-ы орман өсірушілік, ағаш дайындау, балық өсіру кәсібі мен аквамәдениет еншісіне бұйырған, деп жазады www.ranking.kz сайты.

Тікелей егіншілік инвести­цияның 99,67 млрд теңгесін немесе қоржынның 70%-ға жуығын еншілепті. Олардың ішінде не­ғұрлым ауқымды көлемі – 96,49 млрд теңге маусымдық дақыл­дарды өсіруге қолдау көрсетуге бағыт­талған, тағы 2,9 млрд теңге – көпжылдық дақылдарды өсіру сегментіне және 280,2 млн теңге – ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру саласындағы қосымша іс-қимыл түрлеріне бөлініпті.
Тағы бір маңызды жаңалық – салада жаңа бір ірі инвестициялық жоба жүзеге аспақ: түріктің Göknur Gida компаниясы атынан инвесторлар Қазақстанда жемісті қайта өңдеу бойынша ірі өндірісті жолға қоймақшы. Түркиядағы Қазақстанның Елшілігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп шетелдік инвес­торлардың Қазақстанға сапарын ұйымдастырды. Инвесторлар Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары бақша өсірушілерінің жұмыстарымен танысты (таблица).


Жобаны бес жыл бойы бір­неше кезеңге бөліп жүзеге асыру жоспарланған, соған сәйкес 5 мың га алқапта 8 млн жеміс ағаш­тарын отырғызу көзделген. Жеміс бақтарын заманауи агротехнологиялар қолдана отырып баптаудан бастап, өндірістің толық тізбегін қалыптастыру күтілуде. Келесі кезеңде балғын жемістерді қаптап-орайтын кәсіпорын және элиталық жемістер шырынын, концентраттары мен пюре, сондай-ақ шәрбаттар, дәмді сөлдер, жеміс батончиктері мен кептірілген жемістер шығаратын зауыт іске қосылатын болады.
Бұдан басқа электр қуатын өндіретін және биогаздан тың­­айтқыш өндіретін қуаттың және де 20 мың бас мал бордақы­лауға арналған кешендер құры­лысын салу да көзделіп отыр. Қазақстанда өндірілген өнімнің 70%-ға жуығын инвесторлар шет елдерде өткізуді жоспарлауда.
Еске салар болсақ, жалпы алғанда, ағымдағы жылдың қаң­тар-мамыр айларында ауыл шаруа­­шылығы саласына 145,1 млрд теңге, өткен жылмен са­лыс­тырғанда 16,7%-ға артық, инвес­­­тицияланған. Салыстырмалы бағалармен есептегенде инвестициялық ауқымдардың соңғы бір жылдағы өсуі 14,3%-ды құрапты.
Ауыл, орман және балық шар­уашылықтары өнімдерінің жалпы шығарылымы және осы салалардағы қызмет көрсетудің ауқымы 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында 1,27 трлн теңгені құраған, бұл өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 2,4%-ға артық (инфографика).

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру