Валюта бағамы: $ 412.55 465.73 5.79 ¥ 58.91

Өңірлерді дамыту жөнінде кеңес өтті

Ақорда

Алматыда Мемлекет басшысының төрағалығымен елдің оңтүстік аймақтарын дамыту жөнінде кеңес өтті.

   Еліміздің оңтүстік аймақтарын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің есебін тыңдады.

    Қазақстан экономикасының дамуы мен халқының өмірінде еліміздің оңтүстік облыстарының рөлі ерекше. Осы тұрғыда «Облыс басшыларын жинап, берілген тапсырмалардың орындалу барысын тексеріп, қандай мәселелер бар, соны қарап шешім қабылдау үшін сіздерді шақырып отырмын. Еліміздің Алматыдан басқа 5 өңірінде Қазақстан халқының жартысынан көбі тұрады. Бұл өңірлерде өндіріс, ауыл шаруашылығы және жол жүйесінің бәрі бар. Сондай-ақ облыс орталықтарының төңірегінде өркендеп келе жатқан агломерация бар», – деді Н.Назарбаев.

   Қазақстанның оңтүстік облыстарының рөлі ескеріле отырып, мемлекеттің қолдауымен көптеген қажетті шаралар қолға алынып жатыр. Индустрияландыру бағдарламасы өз алдына, инфрақұрылымды дамытудағы маңызды жоба – Қытайдан Батыс Еуропаға тартылып жатқан күре көлікжолы Қазақстанның оңтүстік облыстарының аумағы арқылы өтеді. Осынау ғасыр жобасын жүзеге асыру барысында қаншама халық жұмыспен қамтылып, жол бойында сан түрлі өндіріс орындарын ашуға, жергілікті жерлерде қызмет көрсету саласының кеңінен қанат жаюына мүмкіндік  туып отыр.

   Қазақстанның оңтүстік облыстарында елімізді көкөніс, бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз ететін, экономиканың өсуіне жағдай жасайтын әлеует мол. Мұнда демографиялық өсім жоғары, жаңадан мектептер мен балабақшалар, аурухана және т.б. әлеуметтік нысандар көптеп салынуы қажет.  Сондықтан бұл орайда шешетін мәселелер ауқымы да жеткілікті.

 

***

   Президент жарлығымен «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға байқау өткізу қағидалары бекітілді.

   Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру