• Мәдениет & Спорт
  • 19 Қаңтар, 2018

Цифрландыру – заман талабы

Астана қаласында Премьер-министр орынбасары Асқар Жұмағалиев және Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесті. Бейресми кездесу барысында Асқар Жұмағалиев пен Дәурен Абаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы туралы және Республикамызда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді.

Тілшілер сұрақтарына жауап бере отырып, Асқар Жұмағалиев мемлекеттік бағдар­ламаның дер кезінде қабылданғаны туралы айтты және де Қазақстан Үкіметіне ци­фрлік технологияларды енгізуді жүзеге асыру мәсе­лесінде ауқымды жұмыс атқару керек­тігіне тоқталды. «Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша Үкімет тарапынан мемлекеттік бағдарлама жасалған болатын. Өз жолдауында Президент ақпарттық-технологиялық шешімдерді енгізу қажеттігін айтты. Цифрландыру – заман талабы. Қазіргі таңда цифрлік технологиясыз жетістікке жеткен кәсіпорынды елестету мүмкін емес, ондай өндірушілер тауарының сапасы мен бағасында ұтылып, бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Ойлап көріңіздер, өн­дірісте 10% адами факторға, яғни адамның қателіктеріне байланысты. Цифрлық технологиялар мұндай жағдайды болдырмайды», – деді Премьер-министрдің орынбасары. Ақпарат және коммуникациялар министрі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ден­саулық сақтаудан бастап, өндіріске дейін барлық саланы қамтитындығы туралы айта келе, жобаларды комплексті түрде жүзеге асыру керектігіне баса назар аударды. Кездесу барысында «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы Руслан Енсебаев жобаны жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстың басталып кеткендігін және әр мемлекеттік органда Бағдарламаның жүзеге асырылу барысын қадағалап отыратын цифрландыруға жауапты офис құрылғандығы туралы айтып берді. Естеріңізге сала кетсек, «Цифрлық Қа­зақ­стан» бағдарламасы 2017 жылдың 12 жел­тоқсанында қабылданды және ақпараттық технологияларды экономика­ның бес бағыты бойынша енгізу көзделуде. Олар: «Экономика салаларын цифрландыру», «Цифрлық мемлекетке көшу», «Цифрлық жібек жолын іске асыру», «Адами капиталды дамыту», «Ин­новациялық экожүйені құру». Аталған ба­ғыт­тар бойнша 2018-2022 жж. аралығында 120 іс-шара жүзеге асырылады.

Шерхан Молдахмет

2537 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы