• Билік
  • 22 Ақпан, 2018

Цифрландыру – жетістік кепілі

Астанада Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Бұл жиынға Премьер-министрдің орынбасары, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Премьер-министрдің Канцеляриясы, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен БАҚ басшылары, ведомстволық ұйымдар өкілдері қатысты.

2017 жылы атқарылған жұмыстар мен 2018 жылғы жоспарлар бойынша ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, ведомствалық ұйымдары мен министрліктің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері баяндама жасады. Өз сөзінде Дәурен Абаев 2017 жылы жоспарланған ақпарат, байланыс, ақпа­раттандыру мен мемлекеттік қызмет көрсету салалары бойынша жұмыстар толық атқарыл­ғанын атап өтті. Министр 2018 жылы жүзеге асуы тиіс жоспарлар туралы айтты. Сондай-ақ негізгі бағыт­тарды айқындап, нақты жоспарлардың орындалуын қадағалау бойынша ведомстволық ұйымдарға тапсырма берді. «Президенттің осы жылғы Жолдауы минис­трліктер үшін ерекше маңызға ие. Өйткені оның негізгі бөлігі цифр­ландыруға арналған. Президент барлық саланы цифрландыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, қар­жы секторы, білім мен денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару салалары бар», – деді Д.Абаев. Биылғы жылғы жоспарлардың арасында: Интернет пайдаланушылардың санын 78 пайызға жеткізу; ІТ қызметіндегі жергілікті мазмұн санын 26 пайызға жеткізу; технопарк, инкубатор және акселераторлармен қолданатын стартап компаниялар көлемін екі жүзге жеткізу. Сондай-ақ кем дегенде 33 стартап «Astana Hub» технопаркі арқылы өтуі тиіс. Жақында Астана хаб базасында бірінші ин­кубациялық бағдарлама іске қосылды. Ол жерде 14 жоба таңдалып алынды. 2017 жылы Интернет-тұтынушылар 137 мем­­лекеттің арасында 36 орынға орныққан. Осы­лайша 5 сатыға жоғарылады. Интернет-тұ­тынушылар халықтың 77 пайызын құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық. Сонымен қатар, «ҚР ауылдық аймақтарында талшықты-оптикалық байланыс жүйелерінің құ­рылысы» жобасын қолға алды. Жоба бойынша 2020 жылы 1 249 елді мекенді қамтитын болады. Ақпарат және ком­муни­кациялар минис­тр­лігінің кеңей­тіл­­ген алқа мәжілісінде ци­фр­ландыру саласы бойынша: Мем­лекет бас­шысының «Қазақ­стан­ның үшін­ші жаң­ғыруы: жаһандық бәсеке­ге қабілеттілік» Жол­­­дауындағы тапсырмасы бойынша «Ци­фр­лық Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ламасы қабыл­данды; «Цифр­лық Қазақстан» мемлекеттік бағ­дарламасы 5 бағыттан тұрады. Оның аясында 17 бастама мен 120 шараны жүзеге асыру жоспарланған; Эко­номиканы цифрландырудың тікелей нәтижесі бойынша 2025 жылы 2 трлн. теңгені құрайтын үстеме құн табуға жол ашады. Осылайша мемлекеттік және жеке ин­­вес­­тицияның қайтарымы 5 есеге артады; Қазір ха­лықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі 76% құрайды. 2013 жылдан бері 13% өскен; «Цифрлық Қазақстан» бағдарлама­сының аясында халықаралық Astana Hub технопаркінің базасында «Garage» стартап-жобасы іске қосылды. Цифрландыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары бас­талды. Телекоммуникациялар саласы бойынша: Қа­зақстан Интернет-тұтынушылар арасында 2017 жылы 137 мемлекеттің арасында 36 орынға тұрақтады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 сатыға жоғары. 2017 жылы Интернет-тұтыну­шылар көлемі халықтың 77%-ды құрады; 4G стан­дартты жоғары жыл­дамдықты интернетпен 50 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекендер және аудан ор­талықтары толық қамтылды; Ел тұрғын­дарының 96%-на 2G стандартты ұялы байланыс қызметі көрсетіліп отыр. 87%-ы 3G қызметін тұтынса, 69%-ы – 4G стандартын пайдалануда; Биыл министрлік ауылды аймақтарға арналған талшықты-оптикалық байланыс жүйесінің құ­ры­­лысын бастайды. Жоба 2020 жылы іске қосылып, 1 249 елді мекенді қамтамасыз етеді; ОТАU ТV спутникті байланысы Қазақстанның 100%-ы аумағын қамтиды; 2018 жылы аймақ­тарды цифрлық эфирлік желіге ауыстыру жұмыстары басталады. Осылайша басқа спутниктік серік­тердің жұмысы тоқтатылады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласы: «Электронды үкімет» порталы арқылы 761 қызмет көрсетіледі; «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы 621 қызмет, яғни барлық қызметтің 83%-ы қамтылады. Бір жылда Мемлекеттік корпорация 38 миллионнан астам қызмет көрсет­ті; Мемлекеттік қызметтер Қазақстанның бар­­лық облыстарындағы 349 фронт-офис­те қызмет түрлерін ұсынады; Ас­танада Digital-ХҚО жұмысын бастады. Бұл опе­ратордың көмегінсіз толық автоматты түрде жұмыс істейтін жүйе; Астанада «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін бірінші Миграциялық қызмет көрсету орталығы ашылды. Биыл дәл сондай орталықты Алматыда ашу жоспарланған. Осылайша еңбек иммигранттары үшін тіркеу уақытын созу мен қызмет көрсетуге 5 күн емес 1 сағат қана уақыт керек; 2018 жылдың аяғына дейін Миграциялық ХҚО Алматыда да іске қосылады; «Анықтамасыз қызмет көрсету» (Paper free) жобасының жоспары бекітілді.Бұл жоба биылғы жылдың басынан жұмысын бастады. Қазір мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл азаматтардан анық­тама сұрамау үшін жасалған шара. Сондай-ақ, Порталда sms-хабарлама арқылы қажетті құжатты беру жолдары енгізіледі; Электронды қызметті бір реттік құпия сөзді көрсету арқылы, Электронды cандық қолтаң­басыз-ақ алуға болады. 2017 жылдың жаз мез­гілінің екінші айынан бастап 30 қызметті Электронды сандық қолтаңбасыз алу мүмкіндігі пайда болды; 14 МХҚО ашылды. Олардың екеуі Көкшетау мен Семей қалаларында өткен жылы жұмысын бастады. Алдағы уақытта осындай ор­талықтар Атырау мен Оралда ашылады. Ал ақпарат саласы бойынша: 2017 жылы Ақпарат және коммуникациялар ми­нис­тр­лі­гімен ақпарат пен коммуникация сұ­рақтарын қамтитын заң жобасы әзірленді. Олардың ішін­дегі 280 тармаққа өзгертулер мен толық­тырулар енгізілуі тиіс; Мемлекеттің ақпа­раттық тапсырысты орналастырудың жаңа ережелері бекі­тілді. Негізгі басымдық қоғам­дық ұйым өкілдерінен тұратын байқау комиссиясына беріледі. Сондай-ақ БАҚ балдық баға беру мен байқау құжаттарының санын төмендету қарастырылған; Ұлттық арналардың сапасын жақсарту, оның ішінде «Қазақстан» РТРК» АҚ аймақтық филиалдарының эфир сапасының деңгейін көтеру бойынша жұмыс­тар жүргізілді; «Хабар 24» телеарнасы теңдесі жоқ роботтандырылған студияны іске қосты. Еңбек өнімділігі төрт есеге артты; 2017 жылдың наурыз айында бірінші киноканал «Ел арна» өз жұмысын бастады. Арна эфирінен деректі және көркем отандық фильмдер көрсетіле бастады; Ақпараттық тапсырыс негізінде мемлекеттік және ком­мер­циялық арналар 40 сериал түсірді. Өнімнің хронометражы 4 905 сағаттан 7 433 сағатқа ұлғайды.

Нұрлан ҚҰМАР

2545 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы