• Цифрлы Қазақстан
  • 17 Мамыр, 2018

Ұлттық банк көмектеседі

Ал бұдан басқа банктерге не пайда?

Банктер 400 млрд теңгеден аз болмайтындай қарыз алуына болады, оның жартысын БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) бермек. Тағы да ЕДБ-ларды (екінші деңгейдегі банктер) қолдауға бағытталған Ұлттық банктың жаңа стратегиясы осындай.

Оның алғашқы клиенті «Астана Банкі» болуы әбден мүмкін: бағдарламаның талаптары осы банктың қазіргі жағдайы үшін арнайы жа­салғандай. Ұлттық банк экономиканы кре­­диттеуді арттыруға көмек­тесе­тін шаралар қабылдауға дайын. Бұл туралы ведомство басшысы Данияр Ақышев хабарлады. Оның айтуынша, бағдарлама 3 тармақтан тұрады: 1. Жинақ ақша салымдарын ен­гізу. 2. Депозиттердің мерзіміне бай­­­ланысты Қазақстанның депозит­терге кепілдік беру қорының шекті мөлшерлемелерін белгілеу. 3. Банктердің облигациялық бағ­дар­ламасын қайта жаңғырту. Бірінші тармақтың мәні мынада: жинақ ақша салымдары бойынша депозиттер – көбірек пайызға (әдеттегі депозиттермен салыстырғандағыдан) және көтеріңкі мемлекеттік кепілдікке – ашылады. Алайда, егер салымшы қара­жатын мерзімінен бұрын алуға шешім қабылдаса, айыппұл тө­леуіне тура келеді, ал ақшасын ол 30 күннен ерте ала алмайды. Бұл банкке қосымша қаржылар тартуға, сондай-ақ салым­шы­лар­дың ақшаларын тез алып қою­ларынан ішінара сақтандыруға көмектеседі. Нақ осындай жағ­дайға соңғы апталарда «Астана Банкі» душар болды. Екінші тармақ, мерзімінен бұ­рын алып қоюға тікелей тыйым салусыз, депозиттердің шұғыл на­рығын дамыту есебінен – банк­терді ұзақ мерзімді қорланды­руға мүмкіндік ашады.

Қолдаудың жаңа түрі

Дегенмен, бәрінен де тартымдысы – бағдарламаның үшінші тар­мағы. «Банктердің облигация­лық бағдарламасы БЖЗҚ инвес­тицияларын банктер мен корпо­ративтік қазақстандық эмитенттерге 200 млрд теңге сомасында салуға ұйғарды. Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес қажетті шешімдерді қабылдады», деп атап көрсетті Ұлттық қор басшысы. Сонымен бірге кейбір жай-жапсар да аталды: облигациялар 5 жылға дейін шығарылады, ал зейнетақы қоры­ның ақшаларына солардың 50%-дан аспайтыны ғана алынады. Қалған бөлі­гіне сатып алушыны банктің өзі іздеуі тиіс, сөйтіп, «нарықтан ақшаны тарта алатынын көрсетіп, жария етеді». Бағдарламаның қазіргі күйі, 2017 жылы банктік жүйеге мил­лиардтаған қаржы құйыл­ғанына қарамастан, шешімін күткен мә­селелер әлі де жеткілікті екенін айғақтап отыр. Және тағы да банктерге кө­мекке мемлекет қол созды – бұл жолы Ұлттық банк пен зей­нетақылық жинақ ақшалар жү­зінде. БЖЗҚ 200 млрд теңге бөлуге даяр екенін ескерер болсақ, жаңа облигациялық бағдарламаның кө­лемі кем дегенде 400 млрд теңге­ні құрайды. Байқасақ, рет­теуші жүйе­нің ақшаларға қа­жет­тілігін осындай сомаға баға­лап отырған сияқты. Салыстырып айтсақ: 2017 жылдың күзінде 4 ірі банк (АТФБанк, Цеснабанк, Еуразиялық банк және ЦентрКредит Банк) Қаржы орнықтылығын арттыру бағдарламасы бойынша 410 млрд теңге сомасында қаржы алған болатын. Сол кезде де қаржы облигациялар есебінен тартылды – банктер қаражаттарын 15 жылға 4% жылдық мөлшерлемемен алды.

Алғашқы клиент кім?

Жаңа бағдарламаның талаптары әлі беймәлім болса да, бірақ бірінші клиент болуы мүмкін екенін қазір-ақ аңғарғандаймыз. 18 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев сынағаннан кейін «Астана Банкі» (сондай-ақ Эксимбанк пен Qazaq banki де) душар болған ақиқат жағдай жария етілді. Мемлекет басшысы «акционерлер банктерді нашар басқарған, қарыз болған және өз салымшыларына қаражаттарымен жауап бере алмауда» деп атап айтты. «Астана Банкі» бірден-ақ, салымшыларына қобалжитын еште­ңе жоқ деп хабарлағанымен, оқи­ғаның өрбуі мәселелер бар екенін, ал клиенттердің қаша бастауы жағ­дайды тіпті қиындатты. Айналасы 2 аптада тұрақты банк техникалық дефолт деңгейіне жақын күйге жетіп жығылды. Мұны халықаралық агенттіктердің рейтингі нашарлап кетуі ғана емес, банктің өз клиенттері үшін бірқатар операцияларға шектеу қоюы, сосын тіпті екі рет ережені қатайтуы да дәлелдей алады. Бұлардың соңғысы жеке тұлға­лардың дебет карточкасымен ақ­шасыз төлеу бойынша шектеуге қатысты – лимит айына 100 мың теңгені құрады. 2 мамырда, кезекті шектеулерді енгізуден екі күндей бұрын, банк­тің сайтында мынадай жаңа­лық жа­рияланды: «...Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық банкі «Астана Банкі» АҚ-ның оған нарықтық жағдайдағы экстраөтім­ділік беруі туралы өтінішін қарас­тыруын жалғастыруда. Банктің бұл өтінішіне тыйым болған жоқ, мәселе белсенді қаралу және талқылану деңгейінде. Бұдан басқа, ықтимал инвесторлармен келіссөздер жүргізу де ілгерілеу кезеңінде. Сонымен қа­тар банктің кредиттік активтерін сату және қайта қаржыландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізу жалғасуда». Бір жағынан алғанда, банк Ұлттық банктің ақшасына үміт артады, басқа жағынан – инвестор­ларды сырттан іздестіруде. Ал бұл реттеушінің облигациялық бағ­дарламаға қатысушылар үшін басты талабы да болып табылады. Сондықтан да дәл қазір ақ­шаға әбден мұқтаж, мұны басым ықтималдық десек те болады, бо­рышқорлық қағаздарын шы­ға­ратын алғашқы «Астана Банкі» болады деп күтілуде. Әйтсе де, Қазақстан қор биржасында облигациялар шығару туралы жа­ңалықтар жарияланбаған.

БЖЗҚ – дәйекті донор

Қазақстандықтардың зейнет­ақы­­лық қорланымдарының банк­терге борышқа берілетіні – еш жаңалық емес. БЖЗҚ мәліметтері бойынша, 1 сәуірге екінші дең­гей­дегі банктердің облигацияларына 1, 229,2 млрд теңге салынған. Бұл қордың барлық ақшаларының 15,4%-ын құрайды. Аса ірі алушылар мыналар: • Халық банкі – 276,4 млрд теңге (2018 жылдың 1 сәуіріне ағым­дағы құны), • Қазкоммерцбанк – 306,4 млрд теңге, • Kaspi bank – 177,4 млрд теңге, • АТФБанк – 116 млрд теңге. Республикамыздағы бүгінгі күн­ге жұмыс істеп жатқан 32 банк­тердің 15-інің облигациялары БЖЗҚ ақша­ларына сатып алын­ған. Теңгеге номинацияланған орта есеппен алғандағы борышқорлық қа­ғаздар қорға 10% жылдық, доллармен – 7% табыс әкеледі. Мұнан басқа зейнетақы қоры қаржысының бір бөлігі қазақ­стан­дық банктерде депозиттер тү­рінде сақ­талады – олардың жалпы көлемі 323,2 млрд теңге немесе орташа та­быс­ты­лығы 10,6% жылдық есебінде БЖЗҚ-ның жалпы қорының 4%-ын құрайды. Салымдар 16 банктерде шоғыр­ланған, сонымен бірге соңғы рет депозит 2017 жылдың маусымында ашыл­ған.

Иса ҚАМБАР

1592 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы