• Цифрлы Қазақстан
  • 05 Шілде, 2018

Табысты стартаптар тәжірибесі

Қазақстанның және шетелдің ІТ саласындағы мамандары үшін ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі – Astana Hub жобаларын дамыту мүмкіндіктері мен жұмыс шарттары таныстырылды.

Жуық арада технопарктің инфрақұрылымдары орналастырылатын ЭКСПО қалашығы павильондарының бірінде өткен айтулы шараға Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев, ақпарат және коммуникация­лар министрі Дәурен Абаев, бизнес-бірлестіктердің өкіл­дері мен стартаперлер, ІТ-ма­мандар қатысты. Жиында сөз сөйлеген ақпарат және коммуникациялар министрі Хаб идеясына және стартаперлердің жобаларының инвестициясына сенім білдірген инвесторларға алғыс айтты. – Жобаның басталуымен біз Мемлекет басшысының басты тапсырмаларының бірі – Қазақстанды цифрлық шешімдердің орталығына айналдыра аламыз, – деді Д.Абаев. Шара аясында панельдік отырыс ұйымдастырылып, онда табысты стартаптардың негізін қалаушылар мен же­текші халықаралық сарапшылар стартаптарды құру­дағы және инновациялық эко­жүйені дамытудағы жеке тәжіри­беле­рімен бөлісті. Таныстырылым соңында жыл сайынғы «Еуразиялық цифрлық алаң» инновациялық жобалары халықаралық байқа­уының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Сондай-ақ технопарк сахнасында робототехника бойынша оқушылар арасындағы республикалық байқаудың финалистері марапатталды.

2114 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы