• Цифрлы Қазақстан
  • 26 Шілде, 2018

Қазақтелеком: Экономикаға цифрлық көзқарас

Орнықты өсімнің бір көзі – қызмет көрсету саласын уақытқа бейімдеу бизнес-үдерістерді жетілдіруді, барлық бағытта тиімділікті арттыруды талап етеді. Дамудың осы шарттарын ағымдағы қызметіне бағалау жүргізіп, алдағы міндеттерді пысықтаған еліміздің ірі ұлттық байланыс операторы Қазақтелеком да негізге алуда.

Озық бастамалар ортасында

Қазақстанның ірі қалаларын деректерді берудің жоғары жылдамдығымен цифрлық ағынмен байланыстыратын стратегиялық жоба – Ұлттық ақпараттық магистральға ие компания үшін экономиканы цифрландыру жобалары айрықша маңызды.

Шағын және орта бизнестің өмірлік циклының барлық сатыларын қолдауға бағытталған жалға беру үлгісі бойынша қызметтерді енгізуді көздейтін ашық цифрлық тұғырнама жобасы осының бір мысалы. Шығындарды азайтуға ықпал ететін бұл қызметтерді жалға алу арқылы кәсіпкерлер тауарларды, жұмыстар мен қыз-меттерді сатуды ілгерілетудің тиімді құралдарына қол жеткізеді. Сонымен қатар алдағы уақытта ашық цифрлық тұғырнаманың аясында шағын және орта бизнес сегментінде цифрлық сату арнасын іске қосып, «Қазақтелеком» АҚ өнімдерін интернет арқылы сату көзделіп отыр. Бұдан өзге, жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша есептерді толтыру, табыстарды декларациялау және бухгалтерлік құжаттарды ресімдеу үшін «Фискальді деректер операторы» жобасына қосымша қызметтерді енгізу жоспарланған. Жобаны іске асыру барысында салық төлеушілердің 100 мыңнан астам кассалық машиналары жүйеге қосылды. Ал машиналардан алынған мәліметтер онлайн режимінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетіне жіберіледі. Қосымша қызметтер кәсіпкерлердің операциялық шығындарын азайтуға оң әсер етеді. Компанияда инновациялық қызметтерді енгізіп, дамыту барысында қызметтерді тестілік сату жүйесі іске қосылды. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған бейнебақылау Қазақ-телеком клиенттері үшін сақтаудың сенімділігін, өнімді пайдаланудың ыңғайлылығын, атап айтқанда, iOS/Android, Windows/MacOS веб-порталына сай келетін кез-келген құрылғыдан бірнеше объектілі бейне-камералардан мұрағаттау және онлайн жазбаларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Архивтік бейнежазбаны 30 күнге дейін сақтауға болады. Қазірде Қазақтелеком жобаларында BigData, M2M және ақпараттық қауіпсіздік сияқты әлемдік үрдістерге ерекше мән беріліп отыр. Бұл кибершабуылдардың көбейіп кетуіне, ақпараттық қауіпсіздік мәселесінің күрделене түсуіне байланысты. Ақпараттық қауіпсіздікті қорғау және бақылау қызметтері банк секторындағы ойыншылардың үлкен сұранысына ие болып отырғандықтан компания ақпараттық қауіпсіздік шараларын басқару орталығын іске қосып, клиенттерге инциденттерді автоматты түрде анықтаудың және 24/7 режимінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жоғары білікті мамандардың кеңестеріне қол жеткізудің қажетті құралдарын ұсынбақ. Бүгінде бизнес пен мемлекеттік құрылымдар заңды тұлғаларға арналған бейнебақылау қызметтеріне, деректерді сақтау жүйелеріне жиі жүгінеді. Сәйкесінше осы инновациялық шешімдер клиенттердің камераларын қорғалған байланыс арнасына және мәліметтерді бұлтқа сақтауға қосуды қамтамасыз етеді. Жергілікті билік органдары мен шағын және орта бизнес субъектілері – дүкендер, кеңселер, өндірістік үй-жайлар иелері үшін бұл өте қажет. Сондай-ақ жеке тұлғалар үшін «Кіреберіске арналған бұлтты бейнебақылау» қызметтеріне де сұраныс жоғары. Биыл Қазақтелеком барлық аймақтарда қызметтерді көрсету үшін инфрақұрылымдық ресурстарды кеңейтсе, жыл соңына дейін «Білім беру мекемелері үшін бұлтты есеп» және «Қазақстанның медициналық сандық картасы» секілді коммерциялық жобаларды іске қосуға ниетті. Республикамыздың барлық қалаларының телефония мен кеңжолақты байланыс қызметтеріне қосылу мүмкіндігіне ие болуы бұл жобалардың тиімді жүзеге асуына жол ашады. Айта-лық, республикамыз бойынша 6598 ауылдық елді мекендердің 6550-інде телефон байланысы бар, 5278-і кеңжолақты технология бойынша интернет желісімен қамтылған. Сонымен қатар «Smart Home» (Ақылды үй) және «Smart Metering» (Ақылды ТКШ) бөлек бағыттары бойынша Smartcity жобасында жұмыстар басталып, Ақтау қаласында Қазақстандағы алғашқы «Ақылды үйдің» тұсауы кесілді.

Трансформациялық құндылықтар аясында

Трансформация бағдарламасын табысты жүзеге асыру – ұлттық компания қызметінің басым бағыттарының бірі. Ағымдағы жылдың сәуірінде Қазақтелеком корпоративтік құндылықтардың жаңа үлгісін ұсынды. Стратегияны әзірлеу компанияның барлық бөлімшелерінде жүзеге асырылып, жаңа үлгі корпоративтік мәдениетті өзгерту жобасының маңызды кезеңіне айналды. Алдын ала деректер бойынша биылдың бірінші жартысында трансформация бағдарламасының жүзеге асырылуынан бос қаражат ағынына әсер 15,7 млрд теңгені құрады.

Ағымдағы кезеңде компания трансформациялау мен тиімді бизнес-модельдерді енгізу бойынша жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Бұлардың қатарында көпфункциялы жалпы қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады, оған жалақы, құқықтық және HR-ЖҚО (Жалпы қызмет көрсету орталығы) кіреді. Көпфункциялы сервистік орталық көп ұзамай басқа да қызметтерді қамтитын болады. Жоба биылғы «Сенім» байқауының жеңімпаздарының тізіміне еніп, марапатқа ие болды. Жақын перспективада компания сервисті жақсарту, клиенттердің қажеттіліктерін зерделеу, жаңа қызметтерді енгізу мен бизнес-процестердің тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға екпін бермек.

Бизнес жайлы болуы керек

Еліміздің телекоммуникация нарығындағы ірі ойыншының мәртебесі IPO-ға шыққаннан кейін де, шетелдік инвесторлар келгеннен кейін де өзгеріссіз қалатыны хақ. Қалай болғанда да Қазақтелеком осы саладағы стратегиялық міндеттердің басты орындаушысы болып табылады. Компания акцияларының Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі оның инвесторлар, серіктестер және басқа да мүдделі тұлғалар үшін ашықтығының жоғары деңгейіне кепілдік береді. Жыл басынан бері «Қазақтелеком» АҚ акциялары ең көп өсімді көрсеткен. Қор биржасының ағымдағы жылдың бірінші жартысындағы қызметінің қорытындыларында мәлім етілгеніндей, компания акцияларының құны 65,3% -ке немесе 13 385 теңгеден 33 890 теңгеге дейін ұлғайған. Осы тұста айта кету қажет, акциялар құнының өсуі жуырда мақұлданған Қазақстанның монополияға қарсы органының Қазақтелекомның Kcell акцияларының 75%-ін сатып алуына қатысты шешімін күтудің аясында өтті. Kcell үлесін сатып алғаннан кейін Қазақтелекомның ұялы байланыс нарығындағы үлесі 37,5%-ке жетті. Сонымен қатар ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 208-бабына сәйкес Монополияға қарсы комитет ел тұтынушыларының және тұтастай алғанда саланы дамыту мүддесінде бірқатар шарттар мен талаптар белгіледі. Атап айтқанда, қолданыстағы тарифтік жоспарларды – пакеттерді мәміле жасалғаннан кейін үш жыл бойы сақтау, абоненттер үшін қосымша қызметтердің пайда болуы, 2021 жылға дейін халық саны 4 мың адам және одан көп ауылдық елді мекендерді 4G желісімен қамтуды кеңейту, 2021 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей 5G қызметтерін ұсыну стандарттарын енгізу секілді нақты шарттар қойылды. Сондай-ақ тұтынушылардың мүдделеріне қарай Қазақтелеком «Kcell» – «Activ» брендтерін сақтауға міндеттелді. «Kcell» АҚ-тың тәуелсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін шарт ретінде тәуелсіз менеджментпен жеке басқаруды жүргізуі көзделген, яғни акционер «Kcell» АҚ-тың жаңа менеджментпен кәсіпкерлік қызметтің жүргізуін анықтай алмайды. Сонымен қатар көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасы мен құнын сақтау мақсатында ұялы байланыс нарығына басқа да қатысушылармен қолданыстағы инфрақұрылымды бірлескен дамыту шарттарын сақтау нұсқама етілді. Мемлекеттік реттеуші органның мәмілені мақұлдауы оның жасалғанын білдірмейді. Ұсынылған шарттарды бүкіл процесс бойына Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен Ақпарат министрлігі қадағалап отырады. Осы шешімге пікір білдіре отырып, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев компания реттеушінің және басқа да серіктестердің талаптарын құрметтейтінін жеткізді. «Біз бизнес жайлы болуы қажет деп санаймыз әрі өз технологияларымызға сенімдіміз. Бәсекелесіміздің де жақсы шарттарға қол жеткізуі біз үшін маңызды. Сондықтан бұл өтініштердің, реттеушімен бірге істелген істің барлығы – осы мәмілені іске асырудың маңызды бөлігі. Бұл тұрғыда біз барынша ашық болдық әрі бізге қойылатын қолайсыз сұрақтардың ешбірін айналып өткен жоқпыз», – деді Қазақтелеком басшысы. Көпшілікті мазалаған осындай сауалдардың бірі – тарифтердің жоғарылауы жөніндегі болжам еді. Басқарма төрағасы бұл алаңдаушылықтың негізсіз екендігін айтып, жұртшылықты технологияларды біріктіру арқылы тарифтер көтерілмейтініне, ондайда технологияларды дамытуға жұмсалатын шығынның аз болатынына сендірді.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

1630 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы