• Цифрлы Қазақстан
  • 08 Қараша, 2018

Заманымыздың негізгі үрдісі

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Хаб» ІТ-стартаптар халықаралық технологиялық паркінің ресми ашылу рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы іс-шара басталар алдында қазақ­стандық стартап-компа­ниялардың жобаларымен танысып, ғылыми-зерттеу зертханаларын аралап көрді, сондай-ақ IT-университеттің алдағы жұмысы мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағ­дарламасының іске асырылу барысы жөніндегі баяндамаларды тыңдады. Сонымен қатар ашылу рәсіміне қатысқан Эстония Премьер-министрі Юри Ратас мырзаға және шетелдік қонақтардың барлығына алғыс білдірді. Қазақстан Президенті еліміз бен қоғамымызды одан әрі дамыту ісінде цифрландыру үдерісінің мәні зор екенін атап өтті. – Заттар интернеті, жасанды интеллект, 3D-баспа технологиялары және блокчейн адамзат өмірінің бүкіл саласына белсенді түрде еніп келеді. Бұл – қазіргі заманның негізгі үрдісі. Цифрландыру мемлекеттердің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторларының біріне айналды. Бүгінде әлемнің жетекші елдері, сондай-ақ олардың G-20 және Еуропа одағы сияқты бірлестіктері өздерінің цифрландыру жөніндегі стратегиялық құжаттарын қабылдады, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев елі­міздегі цифрландыру бағдар­ламасының жүзеге асырылу үдерісі мен осы бағытта қол жеткізілген нәтижелерге арнайы тоқталды. Қазақстан Президенті «Астана Хаб» ІТ-старт­аптар халықаралық техно­логиялық паркі қазіргі инновациялық экожүйенің өзегіне айналуға тиіс екенін айтты. Технопарк жұмысына қатысушылар жеңілдетілген виза және еңбек режімдерін пайдалана алады, сондай-ақ оларға салық және басқа да жеңілдіктер беріледі. Технопарк базасында тәлімгерлік институты құрылды. Оның аясында сарапшылар стартап-командаларға қамқорлық жасайды. Сондай-ақ Елбасы ІТ-технологияларды дамытуға тартылған дарынды жастарды қолдау қажеттігіне назар аударды.

1886 рет

көрсетілді

11

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы