• Цифрлы Қазақстан
  • 14 Ақпан, 2019

Алматы – адалдық алаңы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы филиалы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және «Алматы – адалдық алаңы» жобалық офисімен бірге №5 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Адалдық алаңы» жобасының іске асырылуына орай брифинг өткізді.

2019 жылы жұмысын баста­ған «Алматы – адалдық алаңы» жобалық офисінің мақсаты – мем­лекеттік қызмет беру бағы­тында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықтың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыру. Бүгінде елімізде сыбайлас жем­қорлық фактілерін болдырмау және қызмет алушылардың қызметкерлермен әрекеттесу көрсеткішін төмендету мақса­тында цифрландыру мүм­кін­діктері белсенді қолданылуда. «Азамат­тарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бой­ынша филиалының директоры Ғалым Қарқынбаевтың айтуынша, корпорацияның цифрландыру жобалары ашық­тықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын факторларды болдырмау, эко­но­микалық қайтарым және қыз­мет көрсету сапасын арттыруға негізделген. Алматы қаласында 15 фронт-офис жұмыс істейді, оның 5-і мамандандырылған ХҚО. Ондағы цифрлық алаңда өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары орналасқан. Өткен жылы мұнда 1,588 миллионнан астам азаматқа мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу тәртібі үйретілді. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Мемлекеттік қызметтер реес­тріндегі 752 қызметтің 621-і, яғни 81%-ы мемлекеттік корпорация арқылы қолжетімді. Оның 506-ын электрондық нұсқада алуға болады. 2018 жылдың 12 айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы филиалы 3,6 миллион мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 1,4 миллион, яғни 40 %-ы электрондық тәсілмен көрсетілді. Алматы қаласында алғашқы №1 Мамандандырылған ХҚО-сы 2013 жылдың басында ашыл­ды. Алты жыл ішінде маман­дан­дырылған ХҚО-ның жұмысы 5 есе артты, бекітілген өткізу қабілеті күніне 500 адам болса, ең жоғарғы кезеңде 2500 адамға дейін жетті. Қала шекараларының кеңеюіне байланысты тұрғындар саны 1,5 есе артты және жүктеменің одан әрі ұлғаюы болжануда. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және Мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесін жетілдіру мақсатында қазіргі уақытта «электрондық үкімет» порталында Көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін ауыстыру бойынша онлайн сервистер жұмыс істейді, онда аталған қызметтерді ұсыну мерзімі 60 минутқа дейін қысқартылған. 2018 жылы Алматы қала­сының Мамандандырылған ХҚКО-ларында 600 мыңнан астам қызмет көрсетілді, 122 331 жүргізуші куәлігі берілді, 557 827 көлік құралы қайта тіркелді.

Айжан Жасбатырқызы

786 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы