• Цифрлы Қазақстан
  • 20 Наурыз, 2019

Әлемде алдыңғы қатардамыз

Қазақстанда цифрлы мемлекеттік қызметтерді пайдаланудың жақсарғанын растап отырғандардың соңғы екі жылдағы үлесі – әлемдегі ең жоғары көрсеткішке ие. Бұл туралы BCG («басқару консалтингінің үлкен үштігіне» кіретін, басқару саласында кеңес беруге мамандырылған, халықаралық Бостон Консалтинг тобы – БКТ компаниясы) өзінің жаңа зерттеулерінде атап көрсеткен.

БКТ сұрау салуының мәлімет­тері бойынша, қазақстандық респон­денттердің 93%-ы соңғы екі жылда цифрлы мемлекеттік қызметтер сапасы артқанын атап айтады. Сондай-ақ зерттеулер респонденттердің 36%-ы цифрлы мемлекеттік қызметтер­ді ең аз дегенде аптасына бір рет пай­даланатынын айқындаған: бұл көрсеткіші бойын­ша Қазақстан – АҚШ, Франция, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Швей­цария, Австрия, Канада сияқты – әлем­нің дамыған елдерін басып озыпты. Үкіметтерге ЖС-ны (жасанды сана) этикалық негізде қолдану механизмдерін белсендірек құруы және технологияға халықтың сенімін арттыруы қажет – БКТ жаңа зерт­теулерінің нәтижелері бойынша дайындалған «Мемлекет жұмысында ЖС қолданылуына халықтың көзқарасы: цифрлы мемлекеттік қызмет­терге салыстырмалы талдау» (The Citizen’s Perspective on the Use of AI in Government: BCG Digital Government Benchmarking) есеп­те­месінде осындай тұжырымдар ұсынылған. Есептеме азаматтар арасында мейлінше алаңдаушылық туғызатын мәселелерді көтеріп отыр, ол – ЖС жүйелерін қолданудың этикаға сәйкестігі және бұлардың еңбек нарығына әсерінің мүмкіндігі. Мәселен, сұрау салынғандардың 32%-ы ЖС жүйелерін қолданудың этикамен байланысты туындауы мүмкін мәселелеріне мазасызданса, 31%-ы ЖС қабылдайтын шешімдердің күңгірттігіне байланысты қауіп байқатқан, респонденттердің 61%-ын ЖС-ны қолданудың жұмыс орындары санына қалай әсерін тигізетіні толғандырса, ал тағы 58%-ы жұмыс орын­дарын сақтап қалуға мемлекет­тік реттеу механизмдерін іске қосу қажет­тігіне сенімді. – Жасанды сана мемлекеттік саясатты, қызмет көрсетудің құрылымын өзгерте алуға және азаматтарға зор пайдасын тигізуге қабылетті, – деп сендіреді BCG-дің аға әріптесі және есептеменің авторларының бірі Мигель Карраско. – Әйтсе де, ЖС-ның артықшылықтарын толықтай пайдалану үшін ЖС-ға халық арасында сенімді ұялатып одан әрі нығайтуға бағытталған үлкен күш-жігер талап етіледі. Егер мемлекет, азаматтардың өздері мен бизнес бірлесіп ЖС-ны жауапкершілікпен және этикаға сәйкес механизмдерді түзеп қолданғанда ғана табысқа жетуге болады. Адамдардың ЖС-ны мемле­кеттік органдардағы жұмыста қолдануға қалай қарайтындарын көбірек білу мақ­сатында BCG компаниясы – бір­қатар жұмыс процестерінде жасанды сана жүйелерінің адамды ауыстырғанын олардың қаншалықты байсалды қабылдайтыны, үкіметтің жұмысында ЖС қолдану оларға қандай үрей туғызатыны, олардың ЖС экономикаға және жұмыс орын­дарының қол жетімділігіне әсер туралы келтірілген пікірлермен қаншалықты келісе алатыны туралы сауалдар қоя отырып – әлемнің 30 елінің 14 мыңнан астам интернет-пайдаланушыларына сұрау салған.

Үкімет жұмысында ЖС қолдануға қолдау және  түйінді тұжырымдар

Сұрау салуға қатысушылар салық салу және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерінде, қызметтер көрсету барысындағы көмегі, алаяқтықты анықтау және заңдарды сақтамау жағдайларында ЖС қолдану мысалдарын оңды бағалаған. Алайда, егер сот әділдігі мен денсаулық сақтау саласында ЖС-ны қолдану туралы әңгіме қозғала қалса, респонденттердің қолдау деңгейі төмендеп кеткен. Мысалы, сұрау салынғандардың 71%-ы жол қозғалысын оңтайландыру барысында ЖС қолдану қолдаған, сөйте тұра 51%-ы қылмыстық процестер барысында айыптылықты анықтау үшін ЖС-ны қолданумен келіспеген. Жасанды сана жүйелерін қолда­нуға қолдау деңгейі өз елдерінің үкі­метіне қатысты тұрғындар сенімінің деңгейіне тығыз байланысты болып шықты. Талдау көрсеткендей, ЖС-ға мейлінше қолдау танытқан елдердің тұрғындарының – Үндістан, Қытай, Индонезия және БАӘ-де – өз үкіметтеріне сенімдері де жоғарырақ. Мемлекеттік қызметтердің тиімді­лігін арттыру мен нәтижесін жақ­сар­туға ұмтылыста үкіметтерге ЖС-ны белсенді ілгерілетудің тәсілде­рін байыпты таңдаулары қажет. Егер олар өз жұмыстарында ЖС-ны қолданудың бағыттары мен мүмкін­діктерін аза­маттарға ашық түрде жеткізе алса, бұл адамдардың ЖС механизмдерін қолданудағы кезігер ықтимал зардаптарына абыржу­шылықтарын азайтып, халық алдында технологияларды қолданудың ақталу мүмкіндігін арттыра түседі. Каррасконың айтуынша: «Бұл жолдан барлық үкіметтердің де өтулеріне тура келеді. Ең маңыздысы, мұны олар өз азаматтарымен бірлесіп жасауы тиіс».

Қазақстандағы мемлекеттік қызметтер

BCG-дің зерттеулері нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан тұрғындары орта есеппен электрондық нұсқадағы мемле­кеттік қызметтердің 7,7 түрін пайдаланып, соның ішінде респон­денттердің 36%-ы электрондық мем­қызметті кем дегенде аптасына бір рет қолданады екен: бұл көрсеткіш бой­ынша қазақстандықтар әлемнің АҚШ, Франция, Жаңа Зеландия, Голландия, Ұлыбритания, Швейцария, Австрия және Канада сияқты дамыған елдерінен басып озыпты. – Қазақстандық биліктің мемқыз­меттерді цифрландыруға беталысы қазірдің өзінде айтарлық­тай нәтижелерге жеткізуде: респон­денттердің 93%-ы соңғы екі жылда қызметтер сапасы жақсарғанын атап көрсеткен (Қазақстанның көрсеткіші – әлемдегі ең жоғары нәтиже), 16%-ы мемлекет ұсынған қызметтердің сапасын, жеке сектор көрсететін қызметтер мен шешім­дерден, сапалы деп бағалаған. Са­лыстырсақ, Ұлыбританияда мем­ле­кеттік қызметтер артықшы­лығына адамдардың 10%-ы ғана, ал Канадада - 1%-ы ғана, – деп атап айтады Сергей Парапечка BCG-дің Қазақ­стандағы әріптесі және басқарушы директоры, ТМД-дағы мемлекеттік сектормен жұмыс жөніндегі эксперттік тәжірибенің басшысы. Қазақстан азаматтарының арасында жиірек қолданылатын мемқызмет­терінің түрлері – еңбекке орналастыру қызметтері (69,9%), салықтар мен айыппұлдар төлеу (66,4%), жинақ­таушы зейнетақы қорына мүше­жарналар құю (46,9%). Қалай десек те, елімізде кең көлемде қолға алынған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы осылайша оңды нәтижесін беріп келеді.

Исатай ҚАМБАРОВ

652 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы