• Цифрлы Қазақстан
  • 15 Мамыр, 2019

«Smart Тurkistan» форумы

Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да Түркістан облысын цифрландыру бойынша «Smart Turkistan» атты форум өтті. Форумға Қазақстанның 120-дан аса ІТ-қауымдастық өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сонымен қатар ЖОО мамандары, үкіметтік емес ұйымдар, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары мен бизнес қауымдастықтар қатысты.

Жиында IT-мамандар өңірде ақыл­ды қаланы құру бағы­тын­дағы инновациялық идеяларын қосып, Түркістанның келе­шегін талқылады. Алдымен жиынға қатысушылар Түркістан қаласындағы жаңа Ақылды қала тұрғын үй кешендерінің кірпі­шін қалау рәсіміне қатысты. Онда цифрландыру бойынша «Platonus» ІТ-компаниясының өкілі Олжас Тұрғамбекұлы ақыл­ды қаланы құру мен басқару­дың маңыздылығына тоқталып, өзінің алған әсерімен бөлісті. «Біз қала тұрғындары үшін ыңғайлы және қолжетімді ин­фра­құрылымды жасайтын және ақылды қаланы құру мен бас­қару идеяларын талқылайтын алаңға келдік. Себебі, бізге осы жерде кірпіш қалауымызды ұсынды. Бұл,әрине, күтпеген жайт. Болашақта Ақылды қала аумағы жаңа Түркістанның бет-бейнесі мен келбетіне өзіндік әсер ететіні анық», – деді Олжас Тұрғымбекұлы. Одан кейін шара «Smart Tur­kistan» форумымен жалғасты. Кездесуде цифрландыру бойынша Түркістан облысының даму тұжырымдамасының таныстырылымы өтті. Сонымен бірге, халыққа қызмет көрсетуде мемлекеттік-жеке серіктестік үлгісі ретінде «Vendor Management Office» (VMO) арқылы жұмыс істеудің ашықтығын енгізу жобасы көрсетілді. Басқосуда Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Ұлан Тәжібаев форумның Түркістанды дамыту үшін маңызы зор екенін жеткізді. «Біз есеп беру үшін технологиялар құрмаймыз. Біздің міндет – Түркістан облысының тұр­ғындарының өмірін жақсарту. Міне, осы мемлекеттік басқа­ру­да адамға бағдарланған тәсіл қағидасы маңызды», – деді Ұлан Қалмұханұлы.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

646 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы