• Цифрлы Қазақстан
  • 15 Мамыр, 2019

Халықты жұмыспен қамту – басты міндет

Алматыда Қазақстан Республикасы Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін жетілдіру бағытында жүргізілген жұмыстың қорытындысына арналған семинар өтті. Іс-шаралар Дүниежүзілік банктің қолдауымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында өткізілді. Семинарға қатысушылар Қазақстан еңбек нарығының қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады.

Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы әлеуметтік сауалнама қорытындысын таныстырды. Оған сәйкес жұмыс іздеушілер мен жұмыс беруші­лердің жалпы Жұмыспен қамту орталықтарына деген оң көз­қараста екендігі байқалып отыр. Мәселен, сауалнамаға жауап берген жұмыс іздеушілердің жартысы Жұмыспен қамту орталықтары оларға жұмыспен қамту (53%), тегін қайта оқыту (21%) мәселелері жөнінде кеңес беріп, қоғамдық жұмыстарға (21%) және кәсіп бойынша (11%) жұмысқа орналастырғандығы жайлы атап өткен. Сонымен бірге, жұмыс іздеушілердің жартысы ақпараттық жүйе сапасы, қажетті жұмыстардың жоқ болуы, мамандық бойынша жұмыстың болмауына қатысты теріс пікірін білдірген. Сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталықтарымен өзара әрекеттесу тәжірибесі жайлы жұмыс берушілер де пікір бөлісті: орталықтар жұмысшыларды іздеп келгендердің көпшілігіне мамандық бойынша жұмысшы­ларды тауып берген (38%); жұмыс беру­шілердің үштен біріне қыз­меткерлерді іріктеу мәселесі жайлы кеңес беріп, қара жұмыс­шыларды (24%) және уақытша жұмысқа орналасқысы келетін қызметкерлерді (19%)табуға көмектескен. Ең көп айтылған тілектер келесідей болды: құ­жат айналымын жылдамдату, электрондық деректер базасына өту, мамандар санын арттыру және еңбек нарығындағы жағдай жөнінде ақпарат беріп тұру. Сауалнамаға жауап берген жұмыс іздеушілердің және жұмыс берушілердің көпшілігі (тиісінше 70,2% және 79%) Жұмыспен қамту орталықтарының жұмысымен қанағаттанатындығын айтқан, алайда сарапшылар орталықтар­дың тиімділігін көтеру үшін кем­шіліктерді жою керектігіне көңіл бөліп отыр. K-Bagdar Қоғамдық қорының сарапшылары дамыған елдердің тәжірибесіне зерттеу жүргізу негізінде Жұмыс­пен қамту орталықтарын жаң­ғырту және олардың қызметін жетілдіруге арналған іс-шаралар жоспарын ұсынды, оған келесі іс-шаралар кіріп отыр: жұмыспен қамту орталықтарына деген сенімді көтеру, жәрдемақының маңыздылығын арттыру, жастармен және 50 жастан асқан тұлғалармен жұмыс жасау, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жүйесі, жұмыс берушілерге берілетін артықшылықтар, ақ­параттық-түсіндірме жұмыс­тарын жүргізу стратегиясы, Жұ­мыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің біліктілігін көтеру. Мәселен, компанияларды экономикалық тұрғыда ынталандыру арқылы жастарды жұмысқа тартуға арналған шаралар ұсынылып отыр: мемлекет есебінен әлеуметтік және салықтық төлемдер бойынша шы­ғын­дарды өтеу; Жұмыспен қам­ту орталықтары жанынан Жас­тар мансабының орталығын құру; жоғарғы сынып оқушыларын оқудан тыс уақытында олардың таңдаған мамандығы бойынша қоғамдық жұмыстарға орналастыру, сондай-ақ, KASIP цифрлік жүйесі арқылы мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу. Сарапшылар жұмыс беру­шілерге қолдау көрсету шаралары ішінде мүгедектерді жұмысқа алатын жұмыс берушілерге жалақының ішінара субсидиясын, жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу үшін білікті жұмысшылардың айы­рылған табысын ішінара өтеу, қызметкерлер біліктілігін көтеру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну сынды шараларды ұсынып отыр. Сарапшылардың пікірінше, осындай ынталандыру әдістерін ендіру жұмыспен қамту үлесін ұлғайтып, білікті кадрлардың санын сақтап арттыруға жағдай жасамақ. Жұмыспен қамту орталық­тарының медиадағы, соның ішінде әлеуметтік желілердегі белсенділігін арттыруды, еңбек нарығындағы жағдай және орталықтың қызметтері жайлы халықты ақпараттандырып тұруды ұсынып отыр. Сонымен қатар, soft-skills дағдыларын дамытуға, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерінде еңбек ететін қызметкерлердің өзінің білімдері мен дағдыларын жетілдіруге ерекше көңіл бөліп отыр. Soft skills, яғни «икемді» әлеуметтік дағдылар – қарым-қатынас құра білу, уақытты басқару, көшбасшылық сапалар, креативтілік – мұның бәрі қазіргі заманғы еңбек нарығындағы тұрақты тренд болып табылады. Зерттеушілердің күтіп отырған үміттеріне сәйкес дайындалған шаралар азаматтардың ұзақ мерзімді және нәтижелі еңбекке тұруына жағдай жасамақ.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

701 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы