• Цифрлы Қазақстан
  • 27 Маусым, 2019

Келешек білікті кадрлармен құрылады

Өткен жылы «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы қордың кадрлық саясатын жаңартты. Осы тұрғыда холдингке қарасты компанияларда кандидаттарды жұмысқа қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ететін конкурстық іріктеудің бірыңғай жүйесі енгізілген болатын.

«Самұрық-Қазына» ұлттық қорында жас IT-мамандарға арналған «Цифрлық жаз-2018» тағылымдама бағдарламасының соңғы кезеңі өтуде. Оның қорытындысы бойынша үздік деп танылған тағылымдамашылар Қазақстанның ең ірі компанияларына жұмысқа орналасады. Бірегей жоба аясында биыл елдегі жоғары оқу орындарының 78 студенті қордың компаниялар тобында тағылымдамадан өтеді. Аталмыш бағдарлама ел жастарын қолдау, олардың біліктілігін жетілдіруге бағытталған «Жас Са­мұрық» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Қор өкілдерінің айтуынша, «Цифрлық жаз-2019» бағдарламасы бойынша тағылымдама арқылы білімін шыңдайтын жастардың нақты санын қабылдау мақсаты белгіленген жоқ. Самұрық-Қазынаның компаниялар тобы білікті кызметкерлерді іріктеуге мүдделі. Сондықтан биыл оның талаптарына бірқатар өзгерістер енгізілген. Мысалы, былтыр бағдарламаға тек қолында дипломы бар жастар ғана қатысқан болса, биыл ІТ саласында оқитын 3-4 курс студенттері және 1-2 курс магистранттары да қатыса алады. Сонымен қатар биыл іріктеуден өтіп, тәжірибе алаңына жіберілген жастарға шәкіртақы төленеді. Сөйтіп, қордың компаниялар тобында тағы­лымдамадан өтуге ниет білдірген студенттер үшін төрт деңгейден тұратын іріктеу қарастырылған. – Биыл бағдарламаның шарттары неғұрлым қатал болғанына қарамастан, жас мамандар өздерінің білімдері мен ақпараттық технология саласында дамуға деген ынталарын көрсетті. Байқауға қатысуға 1500-ден астам адам ниет білдірді, оның 78-і іріктеліп, тағылымдамадан өтетін болды. Ендігі кезекте үміткерлер елдегі ең үздік IT-мамандардан практикалық тәжірибе алады, – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев. Қазақстандық жоғары оқу орындары студенттеріне қордың қор­жындық компанияларында тағылым­дамадан өтуге мүмкіндік бере­тін бұл бағдарлама өткен жылдың қоры­тындысында өзінің нәтижелі­лі­гін көрсетті. Соның арқасында 72 жас маман тағылымдамадан өтіп, оның 33-і жұмысқа қабылданды. Өтініш берушілер онлайн IT тест, IT мамандығының бағыты бойынша және қабілеттілікті тексеретін тапсырма төрт деңгейлі іріктеуден өтті. Бастапқы мақсат – ІТ саласындағы оқу орындарын бітірмеген балаларға оқу орнында өтілмеген теориялық және практикалық білім беру. Қатысушылар бірінші кезеңде ресми сайтқа кіріп, өздерінің өтініштерін бере алады. Екінші кезеңде – өзін қызықтырған ІТ бағытына арналған тапсыр­маларды шешуі қажет. Үшінші кезең – қабілеттілікті тексеретін тап­сыр­малардан тұрады. Соңғы ке­зеңде – қандай да бір жағдайларда өз­дерін қалай ұстайтыны, қандай іс-әрекеттерді қолданатыны жайлы тапсыр­ма­ларды шешеді. Осылайша, тағылымдамадан өтушілерге арнайы менторлық бойынша оқытылған компаниялардың топ-менеджерлері тәлімгерлік етеді. Үміткерлер SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei, Kaspersky, QazClaud, Astana Hub сынды әлемдегі ірі IT компаниялардан практикалық тәжірибе алады. Ағымдағы жылдың 17 маусымынан 29 тамызына дейін үміткерлер Самұрық-Қазына, Қазақстан темір жолы, KEGOC, Қазпошта, ҚазТрансГаз Аймақ, ҚазТрансГаз, Кселл, ҚазМұнайГаз, Самұрық-Энерго, Эйр Астана, Қазақтелеком, Қазатомөнеркәсіп, QazCloud компанияларында тағылымдамадан өтеді. Тағылымдаманың қорытындысы бойынша қор ең үздік үміткерлерді ақпараттық технология саласы­ның: жүйе әкімшісі, IT менеджер, IT биз­нес сарапшысы, әзірлеуші, желі әкімшісі, инженер-сарапшы/ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші бағыттары бойынша жұмысқа орналастырады.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

1896 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы