• Цифрлы Қазақстан
  • 15 Тамыз, 2019

Қағазсыз істің тиімділігі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында жұмыс тиімділігін айтарлықтай арттыруға, жаңа технологияларды өндірістік процеске енгізуге үлкен көңіл бөлініп келеді.

Қазіргі таңда еліміз бойынша өңірлік кәсіпорындарда, филиалдарда, барлық құрылымдық бөлімшелерде электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу аяқталған. Жүйе құжаттармен жұмыс тиімділігін арттыруға және ашықтығын қамтамасыз етіп, бірыңғай ақпараттық кеңістікті құруға мүмкіндік берді. Мысалы, құжат айналымының жылдамдығы екі есеге артса, пошта жөнелтуге кететін шығын, қағаз құжаттарды пайдалану соншама төмендеп отыр. Жобаны жүзеге асыру барысында мамандар ақпараттық қауіпсіздік жүйесі бойынша аттестациядан өткізу үшін кеңауқымды жұмыстар жүргізді. Жүйе бизнес-процестерді автоматтандыру шеңберінде енгізіліп отыр. – Компания қызметкерлері мәліметтерді қолдан енгізу, ұзақ рәсімдеу, бақылаудың ауырлығы сынды жұмыстармен бетпе-бет келмейді. Олар табанда қажетті құжатты тауып, оның статусын анықтай алады. Қағазсыз іс жүргізу кезінде құжаттармен жұмыс сапасы мен жеделдігі артады, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ кеңсе қызметінің менеджері Бауыржан Бисембаев.

1179 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы