• Цифрлы Қазақстан
  • 21 Тамыз, 2019

Бірлік – берекеге бастайды

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен және «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясындағы серіктестік Қазақстандағы балалардың құқықтары мен әл-ауқатын жақсарту үшін жүйелі жұмыстарды құруға бағытталған және келесі ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарды қамтиды: Балалар мен жастардың мүдделерін алға бастыруда бизнестің рөлін нығайту; Бірлескен ақпараттық науқандар, іс-шаралар және материалдарды тарату арқылы балалардың құқықтарын жүзеге асырудағы халықаралық стандарттар мен сәтті тәжірибе туралы халықтың хабардарлығын арттыру; Меморандумға қол қою барысында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен серіктестік қарым-қатынастарды құрудың маңыздылығын айта отырып, бизнес сектордың балалардың жағдайын жақсартуда маңызды рөл атқара алатындығын атап өтті. «Біз балалардың сапалы қызметтерге, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғауға тең қол жетімділігін жақсарту үшін жүйелі өзгерістерді жасауға дайын компанияларды қолдаймыз. Бүгін біз бүкіл Қазақстан бойынша пошта, қаржылық және электронды қызметтерді ұсынатын «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға қуаныштымыз. Меморандум аясындағы жұмыс елдегі балалардың әл-ауқатын жақсарту үшін жүйелі жұмыстарды құруға бағытталған», - деді Артур ван Дизен. «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сакен Сәрсенов: «ЮНИСЕФ – бүкіл әлемдегі балалардың мүддесі үшін әрекет ететін ең беделді ұйымдардың бірі. «Қазпошта» АҚ әлеуметтік жауапты компания ретінде балалар мен жастардың мүдделері үшін жобалар мен ақпараттық науқандарды қолдауға дайын. Сондай-ақ, Қазақстанның Бала құқықтары туралы конвенцияға қол қойғанының 25 жылдығына орай биыл біз мерейтойлық пошта маркасын шығаратындығымызды қуана хабарлаймын», – деді. ЮНИСЕФ қызметін 190 елде және аумақта әлемді баршаға жақсырақ етуге тырыса отырып, бүкіл әлемдегі әр баланың игілігіне жүзеге асырып келеді.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

941 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы