- Цифрлы Қазақстан
- 24 Қазан, 2019
Бағдарламаның қауіпсіздігі басты назарға алынды
Шара аясында Pre-sale Engineer ESET компаниясының Қазақстандағы өкілі Ақтайлақ Әлмұрашев Қазақстанда компьютерге қауіп төндіретін вирустардың деңгейі 8 пайыздан асып түскендігін атап өтті. «Бұл қауіпті дерттің деңгейі 0-ден 20 пайызға дейін өлшенеді. Мәселен, дамыған Еуропа, АҚШ және Жапония мемлекеттерінде қауіпсіздік деңгейі өте жоғары. Сондықтан бұл елдерде вируспен зақымдалған компьютерлер 1 пайызға да жетпейді. Ал Қазақстанда өткен айдағы мәліметтер бойынша 8,01 пайызға жуық дәрежеге жетті. Бұл нәтижесімен біз көршілес Ресейден басып оздық», – деді ол. Жаздың соңғы айында халықаралық бағдарламаны қамтамасыз етуге арналған және компьютердің қауіпсіздігінде байланысты 300-ге жуық сауалнама түскен болатын. Бұл сауалнаманы IT-директорлары, жүйенің администраторлары және де Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь мемлекеттерінің компания иелері қойған-ды. Бұл сауалнаманың 70-ке жуығын қазақстандықтар қойғаны анықталды. Бұл қойылған өзекті сұрақтарды еске ала отырып, сонымен қатар қызметтік телеметрия, талдамалы зерттеу мен статистикалық мәліметтерге талдау жүргізіп, соңғы 10 жылда компания нәтижесін шығарды. Басқосу барысында ESET компаниясының директоры Жәнібек Шутбаев, техникалық өнімнің және қызметтік өнімнің бөлім жетекшісі Сергей Кузнецов және т.б. тұлғалар сөз сөйледі. ESET компаниясы (www.eset.kz) — вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымның халықаралық әзірлеушісі, киберқылмыс пен компьютерлік қатерлерден қорғау саласындағы сарапшы – 1992 жылы құрылған. ESET компаниясының штаб-пәтері Словакияда орналасқан. Компания әлемнің 180-нен астам елінде жұмыс істейді. ESET қатерлерді анықтау технологиялары саласында пионер болды, олар белгілі, сондай-ақ жаңа зиянды бағдарламаларды тауып, залалсыздандыруға мүмкіндік береді. ESET өкілдігі Қазақстанда 2009 жылы ашылды және Ресей мен ТМД-дағы ESET компаниясының аса ірі өкілдіктерінің бірі болып табылады. ESET NOD32 брендімен шығарылған ESET вирусқа қарсы шешімдері беделді британдық Virus Bulletin журналы тестілеу нәтижелері бойынша берген VB100 наградаларының рекордтық санымен марапатталды. Сондай-ақ ESET NOD32 өнімдері Андреас Климентидің AV-Comparatives австралиялық зертханасының ADVANCED+ және ADVANCED деп аталатын ең жоғары наградаларының ең көп мөлшеріне ие. Осы ұйымның тестілеу нәтижелері бойынша ESET NOD32 өнімдері қатерлерді проактивті табу деңгейі және жұмыс істеу жылдамдығы бойынша бәсекелестерінен айтарлықтай асып түседі. ESET өкілдіктерінің серіктестік желісі желісі үш дистрибьютор компанияны – «1С», MONT, Comportal – және ESET NOD32 өнімдерін түпкі сатуды жүзеге асыратын 40-тан аса серіктес компанияны қамтиды. Компанияның серіктестері ESET-пен тығыз өзара іс-қимылда әрекет етеді, бұл клиенттердің сауалдарына жедел және уақытылы жауап қайтаруға мүмкіндік береді. ESET NOD32 вирусқа қарсы шешімдері Қазақстанның кез келген нүктесінде және әлемнің кез келген елінде қолжетімді.
Салтанат ҚАЖЫКЕН
1352 рет
көрсетілді0
пікір