• Цифрлы Қазақстан
  • 06 Ақпан, 2020

Ғаламдық GIGA бастамасы – Орталық Азияда

Қазақстан Үкіметі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Халықаралық электробайланыс одағы (ХЭО) бірлесіп GIGA атты ғаламдық бастамасы аясында серіктесу жайлы келісімге келді. ЮНИСЕФ-ХЭО-ның бұл бастамасы әр мектепті Интернетке қосуға, жастарға ақпарат пен жаңа мүмкіндіктерді беруге бағытталған.

Бастаманың мақсаты – әлемдегі кез келген мектепті байланыспен қамтамасыз ету.Әлемде 3,7 миллиардқа жуық адам Интернетке қосылмаған, олардың 360 миллионы – жас­тар. Интернеттің болмауы көптеген ақпараттың, оқуға арналған ресурстардың қолжетімділігің шектеп, әлеу­меттік жағынан осал балалар мен жастардың дамуына, әлеуетін барынша іске асырыуна бөгет болуда. Цифрлық теңсіз­дікті жеңу мақсатында жаһан­дық ынтымақтастықты нығай­тып, қар­­жы және технология саласын­дағы көшбасшылар мен инновация­ларды біріктіру қажет. «ЮНИСЕФ – ХЭО – GIGA бір­лескен жаһандық бастамасы қалалық және ауылдық білім беру арасындағы сандық теңсіздікті жоюға бағытталған. Бұл жерде шалғай ауылдарды кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету біздің министрліктің маңызды бағыттарының бірі», – деп атап өтті Дарын Тұяқов, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі жөніндегі вице-министрі. «Ол үшін біз көптеген жыл бойы байланыс операторларымен бірге мыңдаған шақырымды талшықты-опти­калық байланыс желілерін ауыл­дарға дейін тартатын жобаны жүзеге асырып келеміз. Осылайша, тек осы жоба аясында біз 446 ауылдық мектепке жоғары жыл­дамдықты Интернетті қостық, ал жыл соңына қарай мектеп саны 1342 болады. Сондықтан бұл жобаны қолдау біз үшін ауылдардағы мектеп оқушыларының Интернет арқылы білім алу ресурстарына қол жетімділігін одан әрі арттыру үшін қисынды қадам», – деп түйіндеді ол. АКТ статистикасының ресми көзі – ХЭО мәліметтері бо­йынша, Қазақстан халқының 80 пайызы Интернетті пайдаланады, ал аймақта бұл көрсеткіш Түркіменстандағы 21 пайыздан бастап Өзбекстандағы 52 пайызға дейін ауытқып тұр. Қазақстан ТМД кеңістігі бойынша мобильді кең жолақты байланыстың ең жоғары ену деңгейіне ие. Сондай-ақ, ел компьютерлерге қол жеткізу және Интернетті пайдалану бо­йынша аймақтың көшбасшысы болып отыр, ол барлық ТМД-да кіру деңгейіне бекітілген кеңжолақты жоспарлары бар гигабайттың ең төменгі бағасын ұсынады. «Қазақстан үкіметімен серік­тестік GIGA-ны жүзеге асыруды жеделдетудің ажырамас бөлігі. Жаһандық іске қосудың алғашқы кезеңіндегі жетекші мемлекеті ретінде, Қа­зақстан жаңа қаржыландыру модельдерінің, серіктестердің және цифрлық құралдардың және, сайып келгенде, барлық жастар үшін мүмкіндіктер мен таңдаудың негізін қалайды. Бұл жұмыс Орталық Азиядағы және әлемдегі цифрлық теңсіздікті жою үшін өте маңызды», – деді Артур ван Дизен, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі. GIGA бастамасы Қазақ­стан­ның цифрландыру және байланыс саласындағы көзқарасына, елдің тұрақты даму мақсаттарына деген көзқарасына және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының сандық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі 1А және 1В қорытындыларына сәйкес келеді. Ол жерде 2030 жылға қарай әрбір ересек адам сандық желілерге қол жетімді бағамен қол жеткізе алуы қажет және сандық қоғамдық тауарлармен алмасу алаңын құру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының қатысуымен көпжақты одақ құруға шақырады. Қол қою Digital Almaty ха­лықаралық форумы аясында өтті. Форум цифрландырудың жаһандық тенденцияларын тал­қылау, цифрлық түрлендіру сала­сындағы тәжірибе алмасу және аймақтық ынтымақтастықтың бірыңғай тәсілдерін жасау үшін мемлекеттік қызметкерлерді, жетекші көшбасшыларды, ха­лықаралық сарапшылар мен бұ­қаралық ақпарат құралдарын біріктірді. Digital Almaty Forum барысында қатысушылар GIGA бас­тамасының жүзеге асырылуы және оның бүкіл аймаққа масштабталуы жайлы талқылады. ЮНИСЕФ және ХЭО техникалық және сараптамалық қолдау көрсетеді, соның ішінде инфрақұрылым мен біркелкі қамтуды қамтамасыз етуге инвестицияларды қа­м­та­ма­сыз ету үшін серіктестермен бір­лесе отырып, көпдеңгейлі қаржыландырудың үлгісін әзірледі.

Нұрлан ҚҰМАР

645 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы