• Аймақ
  • 05 Наурыз, 2020

Қонақ үй қызметтері нарығының мәні талқыланды

Туризмнің маңызды саласының бөлігі болып саналатын қонақүй нарқының қазіргі жағдайы сын көтермейді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың қатысуымен өткен кәсіпкерлерге арналған отырыста айтылды. Жиында туристерді халықаралық стандарттарға сай жайғастырып, жоғары деңгейде қызмет көрсету сапасы кеңінен талқыланды.

«Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталы­ғы­ның қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өткен жиынға өңірде­гі демалыс орындары мен қонақ үй құрылтайшылары, кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен ау­дан, қала әкімдіктерінің бөлім басшылары қатысты. Көне шаһарда қазір 40-қа жуық қонақ үй қызмет көрсетеді. Бөлменің бағасы–15-45 мың теңге ара­лы­ғында. Наурыз мерекесі қар­саңында жылдағы үрдіс бойынша мыңдаған қонақ келеді деп күтілуде. Жиында сол қонақ күтетін орындардың күйі мен қызмет сапасы сынға ілікті. Экономиканы дамытуда елеулі үлесі бар сала бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Демек, қонақжайлық танытып, мәдени түрде қызмет көрсету, тамақтану, жеке бастың қауіпсіздігі мен тазалығы, денсаулық сақтау саласы сияқты бірінші кезектегі қажеттеліктері толықтай қамтыл­ған екі және үш жұлдызды қонақ үй шар­уашылығын жетіл­діру қажет, дейді сала мамандары. Осы мақ­сатта жастар жұмысқа тар­ты­лып, талап күшейтілетін болады. «Қазіргі таңда мемлекет тара­пынан қонақ үй бизне­сін дамыту­ға барынша қолдау көрсетіліп келеді. Екі микроқаржы ұйымы мен «қарапайым заттар эконо­микасы» бағдарламасы аясын­да жеңілдетілген бағамен несие берілуде. Соның аясында өздеріңіз білесіздер «Rixos» қонақ үйі салынып, шілде айында пайдалуға берілгелі отыр. Атауы әлемдік деңгейдегі брендке айналған кешеннің ашылуы саяхатшыларға қонақ үй бизнесінің қазіргі заманғы даму деңгейін көрсетеді. Сіздер де бәсекеге дайын болуларыңыз қажет», – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев. Отырыста облыстың әр ау­дан­­дарынан келген кәсіпкер­лер бизнесті дөңгелетуде орын алып жатқан көкейкесті мәселе­лерімен бөлісті. Олар: несие алу, шипажай қызметін дамыту, тасымалдау қызметін реттестіру. Мәселелер алдағы уақытта терең зерттелмек. Облыс бойынша қазір 168 қонақ үй, 51 емдік-сауықтыру шипажайлары мен 60 демалыс үйлері қызмет көрсетеді.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

595 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы