• Аймақ
  • 05 Наурыз, 2020

Отандық өндіруші: Жергілікті қамту әлеуетін қайтсе толық пайдаланамыз?

Қазіргі күні Ақтөбе облысында «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында жалпы алғанда 12,5 млрд теңге сомаға 92 жоба мақұлданды. Оның ішінде 8,7 млрд теңге сомаға 85 жоба екінші деңгейлі банктер тарапынан былтыр мақұлданған болатын. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасы басшылығының жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдерімен есепті кездесуі барысында айтылды.

Сонымен қатар, өткен жы­лы атқарылған жұмыс қоры­тын­дыларына арналған есеп беру барысында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова жалпы несие сомасы 12,9 млрд теңгені құрайтын 32 жоба құ­жаттарды дайындау сатысында тұрғанын атап өтті. Осы ретте кредит берілетін және жоспарланған жобалардың арасында бұрын шығарылмаған өнім жасауға немесе өндірілетін өнім аталымын кеңейтуге мүмкіндік беретін өндірістік қуаттардың бар екенін айта кетпекпіз. Ақтөбе облысы бойынша балмұздақ, гофракартон, құс еті және фармацевтикалық препараттар, таңқурай өсіру және қайта өңдеу, нан және тоқаш түрлері мен кондитерлік өнімдер, бетоннан жасалған құрылыс бұйымдары, хирургиялық және ортопедиялық құралдар және т.б. сияқты аймақ үшін өзекті экономикалық қыз­мет түрлерінің жалпы жіктеуіші енгізілді. Бүгінгі таңда облыста 59,1 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, оның 70,4%-ы жеке кәсіпкерліктің үлесіне тиесілі. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 144 мың адам жұмыспен қамтылған. «2019 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету аясында өңірлік кәсіпкерлер палатасының сүйе­мелдеуімен жаңадан 256 шағын және орта бизнес субъектісі ашылды және жалпы сомасы 870 364 мың теңгеге 72 жоба жүзеге асырылды. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 1 100 адам оқытылды. Оның ішінде 454 тыңдаушы қайтарымсыз грант жеңіп алса, 5 түлекке жалпы сомасы 219 млн теңге көлемінде несие берілді. «Бастау» жобасы бойын­ша 3 485 адам оқуға тартылып, 725 тыңдаушы қаржыландырылды. Оның ішінде жалпы сомасы 1338 млн теңгеге 387 грант және 338 несие беріліп, 70 жұмыс орны құрылды. «Бастау» жобасы бойынша оқу биыл да облыс орталығы мен барлық аудандарда жалғасын табады», – деді Анар Даржанова. «Атамекен» өңірлік палатасы ди­ректорының ақпаратына сәйкес, былтыр кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық қамтамасыз ету бойынша 15 кәсіп­керлікті қолдау орталықтарында 14 435 қызмет, сервистік қолдау бойынша 3 319 қызмет көрсетілген. «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 1 069 адам оқып шықса, олардың 344-і «Atameken Academy» арқылы онлайн түрде, 115-і «Бизнес Өсу» жобасы бойынша оқытылған. Кәсіпкерлер палатасы қыз­метінің негізгі бағыты қолайлы бизнес-ортаны құру және қолдау болып табылады. «Өткен жылы ақтөбелік кәсіпкерлерден биз­несті қорғау мәселелері бойынша 177 өтініш келіп түсті. Оның 126-сы оң шешімін тапты. Кәсіпкерлік қызметтің 17 субъектісінің жалпы сомасы 3 млрд 91 млн теңгеден астам мүліктік құқықтары қорғалды. 2017 жылмен салыстырғанда өтініштердің төмендеу динамикасы байқалып отыр, бұл ретте проблемалардың шешілуі ұлғаю­да. Егер 2018 жылы мәселелердің 60%-ға жуығы оң шешімін тапса (281-ден 164-і), былтыр бұл 70%-дан асты. Шағымдар негізінен жер қатынастары, сәулет, салық салу, субсидиялар, сатып алу және жергілікті атқарушы органдармен өзара қа­рым-қатынас мәселелеріне байланысты түседі. Ең өткір мәселелер кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелерінің талқылауына шығарылады», – деді А.Даржанова. Әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Кәсіпкерлер палатасы прокуратурамен бірлесіп өңір кәсіпкерлерінің жүйелі проблема­ларының тізілімін құрған. Осы ретте проблемаларды шешу бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Былтыр республикалық деңгейдегі 15 әкімшілік кедергі анықталып, оның 5-уі бизнес проблемаларының тізіліміне енгізілген. Өңірлік палата АӨК саласында өндірістік тізбекті орнату жұмысын жолға қойды. Қазірде «АкТеп» ЖШС-мен бірге Ақтөбе облысында ет кластерін құру бағытындағы жұмыс жалғасуда. Бұл өңірдегі 400-ден астам шаруа қожалығын біріктіруге мүмкіндік берді. Өндірушілердің өнімдері мен тауарлары маркетингін дамыту шаралары аясында облыс тауар өндірушілерінің тізімі жасалды. Бұл – 2491 өнім түрін өндіретін 280-нен астам компания. Облыс әкімі орынбасары төрағалығымен отандық тауар өндірушілерді қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлейтін комиссия жұмыс істейді. Есепті кездесудің негізгі бөлігі бизнеспен диалогқа бөлінді. Кәсіп­керлер өздерін мазалаған ой-пікір­лерін ортаға салып, палатаның, бизнес-қауымдастықтың және мемле­кеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсарту жөніндегі ұсыныс­тарын айтты. Түйіндеп айт­қанда, негізінен мемлекеттік сатып алу, мал шаруашылығын дамыту және субсидиялар бөлу, жер телімдерін беруде қол жетімділік пен ашықтық мәселелерін көтерді, салық заңнамасындағы өзгерістер мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде туындайтын кедергілерді талқылады. Ақтөбе өңірлік кәсіпкерлер палатасы басшылығының жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдерімен есепті кездесуі аясында «Aqtóbe ónіmderі – 2020» тауар өндірушілер көрмесі ұйымдастырылып, В2В кездесулер өтті. Осындай форматта алғаш рет ұйымдастырылған бұл шара енді осы сипатта дәстүрлі өтіп тұрмақ. Іс-шара аясында мектепке дейінгі мекемелер мен ет және сүт өнімдерін өндірушілер арасында тауар жеткізу туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. Онда тауар өндірушілер нарықтағы бағадан төмен бағамен сату туралы міндеттемелер алды.

БЕКЕТ КӨКЕНАЙҰЛЫ

432 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы