• Бизнес & Қоғам
  • 05 Наурыз, 2020

Балық шаруашылығы қалай дамуда?

Премьер-министр Асқар Мамин Атырау облысына жұмыс сапары аясында елде балық шаруашылығы саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Қазақстанның балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі шамамен 66 мың тоннаны құрайды, оның 45 мың тоннасы балық аулау кәсібіне, 7,4 мың тоннасы балық шаруашылығына тиесілі. Сонымен қатар 30 мың тоннасы экспортқа шығарылса, 43,5 мың тонна өнім импортталады. Орта мерзімді перспективада отандық нарық көлемін 120 мың тоннаға дейін ұлғайту әлеуеті бар, бұл алабалық пен Атлант ақсеркесі өсуінің арқасында импорт көлемін төмендетуге мүмкіндік береді, сонымен қоса әлемдік нарық­тарға, атап айтқанда, Қытайға, Ресейге және Еуропаға экспорт көлемін арттырады. Бүгінде елімізде кәсіп­шілік балық аулаумен балық шаруашылығының 1 мың­нан астам субъектісі айналысады, оларға 1646 балық шаруашылығы су айдындары мен олардың учаскелері бекітілген. Аталған салада 11 мың адам жұмыс істейді. Балық өсірумен 180 балық шаруашылығы айналысады, оларда 1 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған. Үкімет басшысы елімізде балық шаруашылығын дамыту үшін жүйелі шараларды қабылдау қажеттігін атап өтіп, биыл 1 сәуірге қарай Қазақстанның Балық шар­уа­шылығын дамыту тұжы­рым­да­масының жобасын дайындауды тапсырды. – Өзендердің суы қорға­латын аймақтарында жұмыс істеуге балық шаруашылық­тарына тыйым салуды алып тастау, сондай-ақ балық шаруашылығы субъек­тілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін жасайтын төлемдерін қысқартып, тек нақты су шығындары үшін төлемдерді қалдыру мәселесін қарастыру қажет, – деді А.Мамин. Үкімет басшысы балық шаруашылығы субъек­тілеріне мемлекеттік қолдау шараларын арттыру және балық шаруашылығын эконо­ми­каның басымдықты сала­ла­рының қатарына жатқызу керектігін баса айтты. Осы ретте балық шаруа­шылығы мелиорациясын тұрақты жүргізу мақсатында су түбін тереңдету техникасын сатып алу мәселесін қарастыруды, сондай-ақ балық өсіру зауыттары мен балық шаруа­шылығының аумақтық инспекцияларын материалдық-техника­лық жарақтандыруды қаржыландыру туралы ұсыныс­тар әзірлеуді тапсырды.

630 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы