• Билік
  • 23 Сәуір, 2020

ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАҒДАРЛАМА

Өткен аптада премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Онда төтенше жағдай кезінде халықты және экономиканы қолдауға қанша қаржы бөлінетіні және басқа да маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Осы ретте басты міндеттерді іске асыру мақсатында шығындар негізінен үш бағытта өрістейтіні қарастырылды.

Біріншіден, инфрақұ­ры­лымдық жобалар іске қосылатын және 254,3 мың жұмыс орнын құру көзделген жаңа «Жұмыспен қамту жол картасы» жүзеге асырылады. Екіншіден, әлеуметтік төлем­ақыны индекстеу және шетелдік валюта бағамының өзгерісіне байланысты шығындардың орнын толтыру. Бұл мақсатқа 315,4 млрд теңге бөлініп отыр. Үшіншіден, халық пен экономиканы қолдауға, соның ішінде 293,4 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар бюджеттің табыстары бойынша шығындардың орнын толтыруға және жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттің шығындары 532,8 млрд теңгеге оңтайландырылады. Бюджет тапшылығы 840,7 млрд теңгеге ұлғаяды. Нәтижесінде республикалық бюджет сипаттамасы төмендегідей көлемде қалыптасқан: • түсімдері – 11,8 трлн теңге; • шығындар – 14,3 трлн теңге; • тапшылығы – 2,4 трлн теңге немесе ІЖӨ-нің 3,5%-ы. Бұдан өзге карантиндік шараларда қауырт жұмыстарға қатыс­қан медициналық және де басқа жұмыскерлерге қосымша ақы тө­ленеді.

Дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыру

Салықтық артықшылықтар мен жергілікті деңгейдегі қол­дауды есеп­темегендегі дағда­рыс­қа қарсы шара­лардың жалпы пакеті қосымша 5,9 трлн теңгені құрайды, соның ішінде: • 2,5 трлн теңгесі – бюджеттен тыс қаржы есебінен; • 3,5 трлн теңгесі – республи­калық бюджет есебінен қаржы­лан­дыру үш бағыт бойынша қам­та­масыз етіледі. Біріншіден, экономикалық тұрақ­тылық пен төтенше жағдай ре­жи­мін қамтамасыз етуге 1,2 трлн теңге қарастырылып отыр. Халықты жұмыспен қамту үшін «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы қабылданды, соның аясында вирус каран­тинінен кейінгі кезде 254,3 мың жұмыс орны құрылады. Оны іске асыруға теңдессіз сома (1 трлн теңгеге дейін) бөлінген. «Бизнес жол картасын» жүзеге асыруға қосымша 84,5 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұдан басқа субсидиялау және кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдік беру арқы­лы кәсіпкерлікке қолдау жөнін­дегі шараларды күшейту қарас­тырылған. Бұл 16 мыңдай жұмыс орнын құруға және 250 млрд теңгеден астам салық түсуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ жалпы ауқымы 30,8 млрд теңге болатын азаматтардың кейбір санаттары үшін құны 5 567 теңге азық-түліктік, тұрмыстық жиынтық беру де көзделген. Мұндай шарамен 2 миллионнан астам адам қамтылған. Анықталу үстіндегі шаралар аясында «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға сомасы 50 млрд теңге қосымша шығындар қарас­тыры­луда. Соның нәтиже­сінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса есеп­тегенде, еңбек делдалдығы мен дағ­ды­лардың тиімді үлгісін құру одан әрі жалғастырылатын болады. Екіншіден, макро­эконо­ми­калық көрсеткіштердің өзгеруі­мен байланысты шараларға 315,4 млрд теңге бөлінеді. Үшіншіден, халықты және экономиканы қолдауға, соның ішінде мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыруға, 293,4 млрд теңге аудару ұсынылып отыр.

Аталған қаржылар аясында, өмір сапасын жақсарту және табыстар мен сұранысты арттыра отырып, өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар мен жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтқанда: • республикалық бюджетті 532,8 млрд теңгеге шығындарды қысқарту; • бюджет тапшылығын ІЖӨ-нің 3,5%-ына дейін – 840,7 млрд теңгеге жеткізу. Дегенмен де, республикалық бюд­­жеттің кірістері бойынша шығындар 1,7 трлн теңгеге сәйкес болады деп болжануда. Коро­навирустық жұқпаның пайда болуы және таралуына қатысты шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар азық-түлік сатып алуға 39,1 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде коронавирустық жұқпамен күрес бойынша эпиде­мио­логиялық қауіп-қатерлерге қарсы шараларды жүргізуге жалпы сомасы 23 468,5 млн теңге бөлінген, соның ішінде: • жеке қорғану құралдарын, зарарсыздандыру құралдарын, дәрі-дәрмек құралдары мен меди­циналық бұйымдарды сатып алуға – 20 624,9 млн теңге; • тепловизорлар, зертханалық жабдықтар мен коронавирусты анықтауға арналған тест-жүйе­лерді сатып алуға 2 712,5 млн теңге; • Қазақстан азаматтарын Қы­тай­­дан эвакуациялауға – 131,1 млн теңге бөлінген. Аталған қаржылар аясында аймақтарға нысаналы трансферттермен жеке қорғану құралдарын, зарарсыздандыру құралдарын, дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық бұйымдарды сатып алуға 11 563,9 млн теңге ауда­рылған, оның ішінде 30%-ға жуығы – Нұр-Сұлтан (1 412,4 млн тг), Алматы (1 419,9 млн тг), Шымкент (605 млн тг) қалаларына аударылыпты. Мұнан басқа мемлекет басшы­сының тапсырмасымен 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында эпидемиологиялық қауіп-қатерге қарсы шараларға қосымша 125 283,5 млн теңге қарастырылған, оның ішінде: 1) 40 609,8 млн теңге – карантиндік шараларды өткізу іс-қимылына жұмылған денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін ынталандыруға жұмсалады. Анықтама үшін: Мәселен, үстеме көлемі қауіп-қатер топтары бойынша анықталады. Олар: – 1 қауіп-қатер тобы (өте жоғары) – жұқпалы аурулар стационарларының, реанимация бөлімшелерін қоса есептегенде, дәрігерлеріне, орта және кіші медициналық қызметкерлерге 20 ЕТЖ (ең төменгі жалақы) көлемінде немесе бір қызметкерге 850 мың теңге; – 2 қауіп-қатер тобы (жоғары); провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем көрсететін дәрігерлерге, орта және кіші медициналық қызметкерлерге 10 ЕТЖ көлемінде немесе 425 мың теңге; – 3 қауіп-қатер тобы (орта) – карантиндік стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлерге, санитарлық дәрігерлерге (мемле­кеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілеріне және басқаларға 5 ЕТЖ көлемінде немесе 212,5 мың теңге. 2) 19, 509,6 млн теңге – коро­навирустық жұқпасы бар адамдарды және қауіппен ауруханаға жатқызылған, сон­дай-ақ жаңа коронавирустық COVID-19 жұқпасымен ауру адаммен байланыста болған қаупті адамдарға емдеу көрсететін медициналық ұйымдардың меди­циналық қыз­меті үшін төлем. 3) 14 800 млн теңге –Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында жалпы алғанда 680 орындық 3 карантиндік үлгідегі медициналық модульді кешендер құрылысына; 4) 30 815,7 млн теңге –төтенше жағдай кезінде халықтың кейбір санаттарына (АӘК алушылар, соның ішінде 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар, 1-3 топтағы мүгедектер, бала және сәби-мүгедектерді қараумен айналысатындар, ресми тіркелген жұмыссыздар) азық-түліктік, тұрмыстық жиынтығын беруге. Азық-түліктік, тұрмыстық жиынтықпен 2 миллиондай адам қамтамасыз етіледі. 5) 8 091,8 млн теңге – ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медициналық қызметкерлеріне, Ұлттық ұлан мен Қарулы күштер әскери қызметкерлеріне 1 қыз­меттік жалақы көлемінде (66,3 мың­дай адам қамтылатын болады) сыйлықақы төлеуге; 6) 4 058,4 млн теңге – байланыс қызметтерімен және ведомствоаралық ақпарат жүйе­лерінің жұмыс істеуін қамта­масыз етуге; 7) 5 623,1 млн теңге – сот медициналық сараптаманың үздіксіз жұмысын қаматамасыз етуге; Бұдан өзге Экономиканың басымдық берілген салаларын жеңілдіктермен кредиттеу бағдар­ламасы бойынша ағымдағы жыл­дың 10 сәуіріне банктер жалпы сомасы 422,2 млрд теңгеге өтініш қабылдаған, 292,2 млрд теңге сомасындағы 470 жоба мақұлданған, 153 млрд теңге сомасында 352 қарыз берілген. Ұлттық банк, азық-түліктік қауіпсіздік пен импортқа тәуел­ділікті азайтуды қамтамасыз етуге бағытталған, аталмыш бағдарламаны 400 млрд теңгеге, яғни, 1 трлн теңгеге дейін қар­жыландыруды кеңейтуге шешім қабылдаған. Қазірдің өзінде ШОБ субъек­тісін және төтенше жағдай енгізуден зардап шеккен жеке кәсіпкерлерді қолдауға арналған жеңілдетілген кредиттеу бағдар­ламасы жасалды және басталып кетті де. Бағдарлама аясында банктерге келісілген салымдар 12 ай мерзімге дейін жалпы сомасы 600 млрд теңге көлемінде бөлінді. 3 айда жүзеге асуы тиіс қаржыны игеру басталды. Кәсіпкерлер тарапынан 647 өтініш түскен, 17,3 млрд теңге сомасына 45 займ берілген. «7-20-25» бағдарламасы бойынша биыл 9 сәуірге 199 млрд теңгеге 17 328 өтініш мақұлданып, соның ішінде 173,2 млрд теңге сомасына 14 616 займ берілген. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында Ұлттық банк айыппұл мен өсімақыдан босату, негізгі берешек бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және 90 күн мерзімге дейін сыйақы беру жолымен қарызгерлерді қолдауды қарастыратын өзгерістер енгізді. Екінші шаралар аясында Ұлттық банк бірнеше бағыт бойынша жұмыстар жүргізуде. Мемлекет басшысының 31 наурыздағы тапсырмасына сәйкес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарына 1 жыл мерзімге 100 млрд теңге бөлінетін болады. Бағдарламаға қатысушылар облигацияларының өтеу мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейін ұзар­тылады. Дағдарысқа қарсы шаралардың екінші пакеті аясында Ұлттық банк «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның инфрақұрылымдық облигациялар иелену арқылы іскер белсенділік пен жұмыспен қамтуды қолдау бойынша 600 млрд теңге соманы 700 млрд теңгеге дейін кеңейту мүмкіндігімен, қаржыландыру шаралары мәселесі қарастырылуда. Аталған қаржы-қаражат жергілікті атқарушы органдарды одан әрі қаржыландыруға бағытталады және жергілікті бюджеттерге «Жұмыспен қамту жол картасын» жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 300 млрд теңге трансферттер бөлінгеннен кейін беріледі.

Қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму

Айта кету керек, 2020 жылдың I тоқсанында мемлекеттік бюд­жеттің кірістері есепті кезеңнің жоспарына 89,9%-ға орындалған, республикалық – 78,8%, жергі­лікті бюджеттер – 121,4% орында­лыпты. Республикалық бюджеттің кірістері экономикаға сыртқы факторлардың жайсыз әсері салдарынан 10,5%-ға (89,5%) төмендеген. Республикалық бюджетке кірістер 1,4 трлн теңге сомасында түскен. Жоспар 378 млрд теңгеге орындалмапты. Орындалмау негізінен салықтардың есебінен құралған. Біріншіден, ҚҚС түсуіне, импортқа короновирус індетінің таралуы теріс әсерін тигізген. Атап айтқанда, үшінші елдерден импорттың қысқаруы $68 млн (АҚШ долларын) құраған. Импорттың қысқаруына байланысты 11,4 мың салық төлеушіден сомасы 49,1 млрд теңгеге салық түсімдері төмендеген, бұлар негізінен, көтерме және бөлшек сауда бойынша – 6,5 мың салық төлеуші, өңдеуші өнеркәсіпте – 1,3 мың, тау-кен қазу өнеркәсібінде – 130 салық төлеуші. Бұдан басқа коронавирустың таралуы ҚХР-дан автокөлік құралдары санының 29,3%-ға, ЕАЭК елдерінен 17,8%-ға төмендеуіне әкеп ұрындырған. Анықтама үшін: биылғы наурызда 2019 жылдың наурызымен салыстырғанда ҚХР-дан импорт 20,3%-ға немесе $61 млн-ға төмендеген. Соның салдарынан кеден салықтары мен ҚХР-дан әкелінетін тауарлар импортынан салықтар 15,5%-ға немесе 2,8 млрд теңгеге азайған. Екіншіден, корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша жоспар орындалмауы негізгі экспорттық жайғасымдарға бағалардың төмендеуіне де әсерін тигізген: шикі мұнай бойынша – 22,1%-ға, мырышта – 20,8%-ға, мыста – 9,4%-ға, алюминийде – 9,7%-ға, қорғасында – 10,1%-ға, феррохромда – 11,6%-ға. Сонымен қатар, есептемелік баланстағы КТС төлеуші 1 796 ірі кәсіпорын жұмысын іске асыру бойынша айналымдары 3,4%-ға (8,9 трлн теңгеден 8,6 трлн теңгеге дейін) азайған. Үшіншіден, кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты ТВҚ-ға (тепловизорлық құралға) ҚҚС бойынша жоспар 132 млрд теңгеге орындалмаған. 8 сәуірде қабылданған нақты­ланған республикалық бюджетте кірістер бойынша жылдық жоспар 6,4 трлн теңгені құрап отыр. Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 134 млрд теңгеге асыра орындалып, 759 млрд теңгені құраған. Асыра орындау негізінен салықтар есебінен – 127 млрд теңге. Кірістер бойынша жоспарлар барлық аймақтарда да асыра орындалған. Республикалық бюджеттің шығындары 2,9 трлн теңгені құраған. Жергілікті бюджеттер шығындары 1,2 трлн теңгені құрады. Есепті кезеңде аудиторлық шаралар одан әрі жалғасын тапқан. 512 аудиторлық шара өткізілген. 249 млрд теңге бюджеттік қаржы қамтылған. 91 млрд теңге сомасында қаржылық ереже бұзушылық анықталған. 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары 93,2%-ға орындалған. 2020 жылы 68 объектіні өткізу жоспарланған. Солардың ішінде 37-сі сатуға қойылған. Есепті кезеңде 3,2 млрд теңге сомасындағы 6 объекті сатылған. 31 объект сатуға қойылған. 3 объект қайта өңдеуге және өткізуге жөнелтілген. 28 нысан жылдың аяғына дейін сатуға қойылады. Қаржы министрлігінің алдында тұрған маңызды міндет­тердің бірі – әлеуметтік салаға арналған нақтыланған бюджетте, кәсіпкерлерді қолдау қарас­тырылған қаржы-қаражатты түпкі алушыларға дер кезінде жеткізуді тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп орындау. Жыл бойы ведомство кірістер бойынша нақтыланған жоспарды орындауды, өсім қарқынын кемітпей қамтамасыз ететін болады, делінген үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында.

215 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы