• Аймақ
  • 28 Мамыр, 2020

Әркім өз денсаулығына деген жауапкершілікті сезінуі тиіс

Қазір әлемде коронавирус індеті өршіп тұр. Әсіресе, Еуропа мен Солтүстік Америка құрлығында бұл ауру күшіне енді. Оңтүстік Америка құрлығында да жағдай мәз емес. Бұған дәлел, Бразилия мен Перу мемлекеттерінде жұқтырушылардың саны сағат сайын көбею үстінде.

Қазір әлемде коронавирус кең тараған мемлекеттердің көшін АҚШ бастап тұр. Екі миллионға жуық амери­калықтар бұл кеселді бойла­рына жұқтырып алған. Бра­зилия мен Ресей екінші және үшінші орындарда келеді. Бұл мем­лекеттерде жұқтыр­ғандар саны 300 мыңнан асып түсті. Осы ретте алғашқы 12 мемлекеттің қатарында Испания, Ұлыбритания, Италия, Франция, Германия, Түркия, Үндістан, Иран, Перу орналасқан. Құдайға шүкір, елімізде жағдай аса шиеленісті емес. Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 9 мыңға жуықтап қалды. Оның ішінде 35 адам қайғылы оқиғаға тап болса, 4 352 адам құлан таза айығып кеткен. Ал 4 144 адам әлі күнге дейін хал үстінде. Елімізде бұл кеселден адам өлімі дүниежүзілік көрсеткіштен анағұрлым аз. Бұған себеп, Қазақстанда коронавирустың жеңіл түрі таралған. Ал АҚШ, Ұлы­британия, Италия, Испания, Франция мемлекеттерінде күрделі түрі тарап кеткендіктен, адам өлімі жоғары болуда. Кез келген медалдың екі жағы бар демекші, елімізде бұл індет­тен жазылып шық­қандардың да саны күннен-күнге көбейіп келе жатыр. Коронавирустан жазылып шыққан адамның бойында қан­дай өзгерістер болуы ықтимал, өзін қалай сезінеді, басқаларға қандай ақыл-кеңес береді деген сұрақтар туындайтыны ақи­қат. Осыған орай аталған дерттен ем­деліп шыққан қарағандылық отыз жастағы Дәуреннің (аты өзгертілген) пікірін келтіре кетпек­пін. Жоғары температура мен құрғақ жөтел, ентігу бойынша ауру­ханаға түскен ол екі аптаға жуық емделіп, жақында ғана құлан таза айығып шықты. Бірақ қуануға әлі ерте. Ол әлі екі апта бойы үй карантинінде бақылауда болады. «Менің әріптесім ко­ро­­навирус­қа шалдыққаннан кейін, оны­мен бірге байланыста болған адам­дарды да тексеріске алды. Мені тексергенде коро­навирус­тың оң нәтижесін көрсетті. Өзім де түсінбе­дім. Ауруханада бізді күніне 3 рет тамақтандырып, жиі-жиі қадағалады. Дәрігерлер­ге алғысымды білдіремін. Дегенмен мен өзімнің туыс­тарыма алаңдай­мын. Доста­рыммен, жақындары­мен ин­тернет арқылы сөйлесемін. Ең негізгі айтайын дегенім, бұл ауруға көптеген адам­дар скептиктік көзқараспен қарайды. Бұл вирус шынымен де бар. Кез келген ме­кемеге кіргенде міндетті түрде маска киіп, қолды антисептикпен жуу қажет. Барлық адам саламатты өмір салтын ұстану қажет», – деп атап өтті ол. Иә, сақтансаң сақтаймын деген сөз бүгінгі күннің басты қағида­сына айналғандай. Денсаулы­ғымызға немқұрайлы қарамай, жауап­кершілікті сезіне білсек, ауру-сырқауға ұшырамай, сапалы өмір сүруге мүмкіндігіміз мол болмақ.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы