• Қаржы
  • 28 Мамыр, 2020

Халықаралық бағалаулар: Арнайы қор жеткілікті, жүйе жұмысы орнықты

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшылардың 99,8% шотына толық көлемде кепілдік береді. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстанның депозиттерді қорғау жүйесі әлемнің дамыған мемлекеттері – АҚШ, Канада, Еуропалық одақ елдері, Корея және Жапониямен бірдей деңгейде.

Кепілдік берілген өтемді қамта­масыз ету үшін қорда жинақтау негізінде арнайы резерв жасалған. Ол негізінен депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің үш ай сайын төлейтін жарнасы есебінен қалыптасады. Қазіргі уақытта Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) арнайы резервінде 509 миллиардтан астам теңге, ал аталмыш қордың жарғылық капиталы мөлшерінің 70%-ын ескеретін болсақ, 619 млрд теңге жинақталған. Халықаралық стандарттарға сәйкес депозиторларды қорғау жүйесінің резерві ең ірі банктердің немесе бүкіл қаржы жүйесінің депозиттік базасын өтеуге емес, болжалды шығындардың деңгейіне сәйкес болуы керек. Қазақстанның депозиттерге ке­пілдік беру қорының қазіргі қолда бар арнайы резервінің деңгейі (барлық депозиттердің 6,3 пайызы) «Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР заңында кепілдік берілген бүкіл депозиттер сомасының 5 пайызынан кем болмауы керек, деп талап етілген мақсатты деңгейден жоғары. Халықаралық тәжірибеде депозиттерге кепілдік беретін (сақтандыру) осындай қорларда салымшылардың құқығын қорғайтын басқа да құралдар барлығын атап өтпекпіз. ҚДКБҚ халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйесі қауымдастығының (IADI) мүшесі бола отырып, проблемалық банктермен жұмыс істеу, оның ішінде олардың активтері мен міндеттемелерін депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банкке немесе қатысушы банктерге беру бойынша бірқатар тетіктерді алдын ала қарастырған. Бұл өз кезегінде кепілдік берілген өтемді төлемеуге, яғни ҚДКБҚ резервін бекерге шығындамауға мүмкіндік береді. Халықаралық стандарттар бойынша жасалған бағалаулар арнайы резервтің жеткілікті екендігін көрсетіп отыр. Ал арнайы резерв жеткіліксіз болған жағдайда, ҚДКБҚ қолдау іздеп, Ұлттық банкке өтініш жасай алады. Алайда бұлай болуы екіталай. Жоғарыда келтірілген барлық мағлұматтар депозиттерге кепілдік беру жүйесінің орнықты екендігін көрсетеді. Ол екінші деңгейдегі банктердің жұмысында жағымсыз сценарийлер орын алған жағдайда Қазақстанның барлық тұрғындарын қорғауға бағытталады. Еске сала кетейік, сақтандыру жағдайы туындаған кезде ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді депозит бойынша қалдық сома шегінде, бірақ ұлттық валютадағы жинақ депозиттер бойынша – 15 млн теңгеден, теңгедегі қалған басқа депозиттер бойынша – 10 млн теңгеден, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңгеден аспайтын көлемде төлейді.

Ернар Орманов

361 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы