• Қаржы
  • 10 Маусым, 2020

Әлеуметтік төлем: Сегіз миллион адам өтініш берген

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов төтенше жағдай кезінде табысынан айрылған азаматтарды қолдау мақсатында атқарылған жұмысты қорытындылап, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) берілетін 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді тағайындау, өтініштерді қайта қарау, сондай-ақ шектеу шаралары жағдайында еңбек етуге қатысты заңнама баптарын түсіндіріп берді.

Вице-министр төтенше жағдай кезінде жұмыс берушілердің өндірістік қызметі мен жұмыс­шы­лардың жұмыс орнына қолже­тімділігі шектеулі болғанын атап өтті. Мұндай жағдайда, Үкімет, дағдарысқа қарсы бірқатар шараларды қабылдады. Мәселен, Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы қабылданды. Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспары шең­берінде, 2020 жылы, жұ­мыс­пен қамтуға тікелей ықпал ету ша­ралары 1,2 миллион адамға жетеді. Сондай-ақ мемлекет төтенше жағдай туындаған кезінде табысынан айрылған кәсіпкерлер мен жұмысшыларды қолдау мақсатында әлеуметтік төлем та­ғайын­дады. «Жұмыспен қам­­туды қамтамасыз ету және отан­­дық кәсіпкерлерді қолдау мақсатын­да 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы қабылданды. Үкіметтің дағда­рысқа қарсы жоспары аясында 2020 жылы жұмыспен қамтуға тікелей ықпал ету шаралары 1,2 млн адамға жетеді. Сондай-ақ мемлекет табысынан айырылған кәсіпкерлер мен жұмысшыларды қолдау мақсатында төтенше жағдай туындаған кезде әлеу­меттік төлем тағайындады. Оған келесі санаттағы адамдар ие болды: ақысыз еңбек демалысына жіберілген шағын және орта бизнес, ірі кәсіпкерлік субъектілері (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік секторды қоспағанда) жұмысшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (оның ішінде БЖТ төлеген бейресми жұмыспен қамтылғандар), азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалар бар. Біз өтініш беру үдерісін барынша жеңілдеттік. Ол үшін әртүрлі тех­­никалық шешімдер іске асырылды. Дәлірек айтсақ, 42500.enbek.kz веб-порталы, «Электронды үкіметтің» веб-порталы, 18 Telegram-бот, ұялы телефон нөмірі тіркелді. Банктердегі ұзын-сонар кезектің пайда болу қаупін азайту мақсатында банк деректемелерінсіз өтініш беру мүмкіндігі қарастырылды, есепшоттарды онлайн ашу бойынша шаралар қабылданды. Бұл шаралардың барлығы өтініштерді беру және қарау үдерісін тездетуге мүмкіндік берді.

Барлығы 8 миллион адамнан өтініш келіп түсті, оның 4,6 миллионына тағайындалды. Төтенше жағдайдың тоқтатылуына байланысты 2020 жылдың 11 мамырынан бастап жаңа өтініштерді қабылдау аяқталды», – деп Ақмәди Сарбасов қабыланған шараларды жан-жақты ашып түсіндірді. Оның айтуынша, алғаш рет 194,2 млрд теңге сомасындағы 4,6 млн төлем тағайындалған, оның ішінде бірінші айға 158,9 млрд теңге сомасында 3,7 млн, екінші айға 35,4 млрд теңгеге 834 мың төлем тиесілі. Екінші айда 2,9 млн адамға төлем ұзартылып, 122,2 млрд теңге төленген. «Жалдамалы қызметкерлерге әлеуметтік жәрдемақы тағайындаудың басты шарты – бұл ақысыз демалыс­та болу және әлеуметтік сақтан­дыру жүйесіне қатысу өтілі, басқа санаттарға төтенше жағдай кезінде толық кірістен айырылу және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі болды. Ал АҚС шарттары бойынша жұмыс істейтін азаматтар үшін зейнетақы жарналарының болуы сұралды. Өтініш берушілердің мәлімет­терін тексеру кезінде жеке кәсіп­керлер мен қызметкерлердің жоғарыда аталған талаптарға сәй­кес келмеуі жағдайлары анық­талды. Осыған байланысты оларға әлеуметтік төлемдер төлеуден бас тартылды. Өтініш берушілердің мәрте­бесі бойынша да төлемдер тағайын­далмады. Нақтырақ айт­сақ, жұмыс­сыздық мәртебесінің болуы, қайтыс болған адамдардың атынан жалған өтініш жолдау, шетелге шығып кеткен адамдардың атынан өтініш­тер, қамауда отырған адамдардың өтініштері, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мемлекеттік сектордың, квазимемлекеттік сектордың, екінші деңгейлі банктердің және басқа кәсіпорындардың қызметкерлерінің өтініштері, белсенді зейнетақы және жәрдем­ақы алушылардың өтініштері бойынша төлемдер тағайындалмаған. Төтенше жағдайдың тоқта­тылуына байланысты, 2020 жыл­дың 11 мамырынан бастап жаңа өтініштерді қабылдау аяқталды. Сонымен бірге «42 500 теңге» төлемі тағайындалмаған жекелеген азаматтардың өтініштеріне байланыты министрлік мұндай төлемдерді тағайындаудың іс-қимыл сызбасын әзірледі. Бұдан бұрын бас тарту туралы шешім қабылданған «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындау өтініштерін қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен бірге тиісті өтініш беру керек», – деді А.Сарбасов. Бұдан әрі ол «Ұсынылған құжат­тарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығының бары немесе жоғы туралы қорытынды шығарады. Оң қорытынды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бөлімшесіне беріледі, ол «Өтініш берушінің электронды іс макетін» қалыптастырады және деректерді МӘСҚ филиалына береді. МӘСҚ филиалы әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аудандық штабтың қорытындысымен немесе МӘСҚ филиалының шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші растайтын құжаттарымен аудандық штабтың жұмыс органы арқылы облыстық штабқа жүгінеді, содан кейін қайта қарау процедурасы қайталанады. Карантин талаптарын ескере отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады», – деп тиянақ­тылай түсті. Ақмәди Сарбасов сондай-ақ карантиндік шаралар жағдайында жұмысын қайта бастауына рұқсат етілмеген жұмыс берушілердегі қызметкерлердің жұмысын ұйым­дастыруға және олардың еңбегіне ақы төлеуге қатысты мәселелер туындағанын атап айтты. Осыған байланысты ол қолданыстағы еңбек заңнамасында өндірістік қызметке қатысты толыққанды шектеулер болған жағдайда еңбек қатынастарын ресімдеудің бірнеше нұсқалары қаралғанына тоқталып өтті. Біріншіден, қашықтықтан жұмыс істеу режимі (Еңбек ко­дексінің 138-бабы). Қашықтағы жұмыс шарттары еңбек шартына қосымша келісімдерде белгіленеді, ал жұмыс беруші қызметкерді қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етуі керек. Екінші: толық емес жұмыс күні. Жұмыс беруші толық емес жұмыс күнін (күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту, толық емес жұмыс аптасы не осы екі нұсқаны да) белгілеуге құқылы. Үшіншісі: ақысы төленбейтін демалыс. Оған қызметкердің бастамасы бойынша және жұмыс берушінің келісімімен ғана рұқ­сат етіледі (некені тіркеу, бала­ның тууы, жақын туыстарының қайтыс болуы жағдайында жұ­мыс берушінің келісімі талап етіл­мейді). Төртінші: жұмыс беруші мен қызметкердің бақылауына жатпайтын жағдайларға байланысты тоқтап тұруды ресімдеу (Еңбек кодексінің 112-бабы). Тоқтап тұру 1 ең төменгі жалақыдан (42 500) кем болмайтын мөлшерде төленуі керек. Тоқтап тұру барлық ұйымдарға сай келмейтінін атап өткен жөн – тоқтап қалу се­бептері ұйымның жұмыс істеуін жалғастыруының мүмкін болмауына негізделуге тиіс (мысалы, егер Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен осы ұйымның қызметіне толық немесе ішінара тыйым салынған жағдайда). «Біз шектеулердің бар екенін түсінеміз, бизнес толық көлемде өндірістік қызметін жүзеге асыра алмайды. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық адал жұмыс берушілерге белсенді азаматтық позициясы, қызметкерлері үшін әлеуметтік жауапкершілігі мен жұмыс орындарын сақтап отырғаны үшін алғыс айтқым келеді», – деп түйіндеді вице-министр А.Сарбасов.

ИСА ҚАМБАР

374 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы