• Білім & Ғылым
  • 24 Маусым, 2020

Жаңаша оқыту – өркениет бастауы

Алматы мектептері оқу жылын онлайн режимде сәтті аяқтады. Осыған орай, алып шаһарда 260 000 оқушы қашықтықтан білім алуға көшкен болатын.

Білім беру мекемелері үшін Microsoft Office 365 A1 тегін қызметі аясында оқушылар Word, Excel, PowerPoint, OneNote цифрлық жазба кітап­шалары, OneDrive бұлттық файл қоймасы, сондай-ақ білім беру үшін Teams сияқты бағдарламалардың веб-нұсқа­ларын тегін пайдаланады. Оқытушылар жаңа цифрлық өнімдерді тиімді пайдалану үшін Microsoft Қазақстан мамандары цифрландыру басқармасымен, Алматы қаласы Білім басқарма­сының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың орталығымен бірлесіп мектептерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастырумен айна­лысатын аудандар мен қала мек­теп­терінің жауапты тұлғалары үшін арнайы онлайн тренингтер өткізді. Онлайн-тренингтерге 600-ден астам адам қатысты. Оқу орындарына толыққанды қолдау көрсету және сұрақтарға жедел жауап беру үшін онлайн қолдау жедел желісі құрылды. «Microsoft Қазақстан өтеу­сіз негізде ұсынған білім беру шешімдері өткен оқу жылының төртінші тоқсанында қашық­тықтан оқытуды ұйымдастыруға қолдан келген көмегін көрсет­ті. Ұсынылған шешімдер оқыту­дағы жоғары тиімділігі мен ың­ғай­лылығын көрсетті», – деп атап өтті Алматы қаласы Білім басқар­масының қалалық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры Андрей Дупик. «Біз елдегі әрбір оқу орнына, әрбір оқытушы мен оқушыға озық технологиялардың кө­мегімен үздік жетістіктерге қол жеткізуге көмектесу үшін Қазақстанның білім беру са­ла­сын цифрландыруға өз үле­сі­мізді қосуға дайынбыз және қуаныштымыз. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін бүгінгі күні оқытушылар мен оқушылардың цифрлық құзыреттілігін артты­ру және оқыту мәселелеріне назар аудару өте маңызды. Бұл бағдарламалардың барлығы қашықтан оқыту кезінде ғана емес, сонымен қатар тұрақты оқыту кезінде де пайдалы – оқушылар оқытушылармен және бір-бірімен кез келген уақытта сөйлеседі, файлдармен, жобалармен және тапсырмалармен бірге жұмыс істейді. Біз алдағы уақытта да мұғалімдерге білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды бел­сенді пайдалануға көмектесуге дайын­быз», – деп атап өтті Micro­soft менеджері, Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі білім беру секто­рымен жұмыс жөніндегі жетекшісі Нұрлан Жаныбек. Жақын арада Алматы қала­сының барлық мектептерін кезеңдік дамыту және білім беру үшін Microsoft технологиясы негізінде бірыңғай және қауіп­сіз цифрлық платформаға кө­шіру жоспарланып отыр. Бұл мұғалімдерге оқытуда дербес­тендірілген көзқарасты дамы­туға және әрбір оқушының шығарма­шылық әлеуетін ашуға, балалар­­дың командалық жұмысын ынта­ландыруға мүмкіндік береді. Мамандандырылған мектептерде бұл балаларды бағдарламалау дағдыларына оқыту сапасын арттыру, сондай-ақ білім беру­дегі ойын процесі арқылы жа­ратылыстану ғылымдарын зер­делеу үшін қосымша мүмкін­дік болып табылады. Білім беру үдерістерінен басқа мектеп әкімшілігі қызметкерлер арасын­дағы операциялық қызмет пен коммуникациялардағы күн­де­лікті процестерді айтарлық­тай оңтай­ландыра алады, сонымен қатар мектеп бойынша аналитика мен мәліметтерді басқара алады. Өз кезегінде қаланың білім бас­қармасы барлық аудандармен және мектептермен үйлестіруді оңтайландыра алады, сондай-ақ қажетті құнды аналитикалық есептер мен деректерді кез келген уақытта әр мектеп аясында жеке және қаланың барлық мектептері бойынша бірге ала алады. Сонымен қатар қала мектеп­терінің барлық мұғалімдері мен әкімшілік-басқару қызметкерлерін цифрлық қосымшаларды білім беруде қолдануы, сондай-ақ оқу орындарының операциялық қызметінде пайдалану үшін оқыту жоспарлануда. Цифрлық қосымшалардың мүмкіндіктерін жүйелі қолдануды дамыту мұғалім­дердің цифрлық дағдылары мен іскерліктерін арттырады, білім беруді инклюзивті және сапалы етеді, сондай-ақ оқушыларға бола­шақ мамандығына қажетті дағды­ларды алуға көмектеседі. Естеріңізге сала кетейік, таяу­­да қазақстандық оқушылар Micro­soft Teams платформасында «Менің Отаным» тақырыбында ағыл­шын тілінің халықаралық онлайн-сабағына қатысты. Сабаққа 6 елден (Қазақстан, Косово, Грузия, Латвия, Болгария және Әзер­байжан) 100-ден астам бала қатысты. Алматы қаласының И.В.Панфилов атындағы Қазақ­стан-ресей ма­ман­дан­дырылған №54 мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары Қазақстанды ағылшын тілінде лайықты және жоғары деңгейде таныстырды. Сабақты өткізудің осы форматы Microsoft Teams платформасы­ның түрлі елдердің мектептері мен оқушы­лары арасындағы халықаралық білім алмасуын дамытудағы мүм­кіндіктерін көрсетті.

Нұрлан ҚҰМАР

473 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы