• Бизнес & Қоғам
  • 02 Шілде, 2020

Жаңа көлік орталығы ашылды

Жаңаөзен қаласында облыс орталығынан тыс орналасқан алғашқы Toyota сервис орталығы өз есігін ашты. Ол Қазақстанның батысындағы шағын қалалардың клиенттеріне Toyota брендінің халықаралық стандарттарына сәйкес сапалы сервистік қызмет көрсетуді ұсынатын болады.

Жаңа автоорталықтың жал­пы ауданы 890 шаршы метрді құрайды, оның 350 шаршы метрін шоу-рум, 432 шаршы метрін төрт посты бар сервис аймағы, 111 шаршы метрін жуу аймағы алады. Сервистік орталықты ашу арқылы он бір адамға жаңа жұмыс орны құрылды. «Жаңаөзен Тойота Сервисі» 2S – Service&Spare Parts тұжы­рым­­дамасы негізінде жұмыс істейді. Ол сервистік қызмет көр­сетуді, сондай-ақ өндірушінің ресми кепілдігімен Toyota авто­көліктеріне арналған түпнұс­қалық қосалқы бөлшектерді сатуды көздейді. 2S форматы «Клиент бірінші орында» атты «Тойота Мотор Қазақстанның» басты корпоративтік қағидат­тары­ның бірін қамтиды және еліміздің географиялық ерек­шелігін, атап айтқанда, елді мекендер арасындағы үлкен қашықтықты және халық тығыз­ды­ғының төмендігін тамаша ескереді. 2S автоорталықтарының тұжы­рымдамасын әзірлеушілердің алдына қойған негізгі міндет – шағын қалалар мен шалғай аймақтардың тұрғындарын Toyota сервисінің жоғары деңгейімен қамтамасыз ету. Toyota ресми дилері жоқ ша­ғын қалаларда тұратын көптеген автокөлік иелері басқа қалаға баруға немесе жақын орналасқан ТҚС-та өз автокөліктеріне қыз­мет көрсетуге мәжбүр. Осылайша, олар жұмыс пен қосалқы бөлшек­тер­ге ресми кепілдік беру туралы айтпағанда, Toyota дилерлері ұсы­натын жоғары сапалы ресми сервисті алуда шектелген. Өз автокөліктері үшін жоға­ры сапалы сервисті қамтамасыз етуді қалайтын Жаңаөзен тұр­ғындарына енді таяу ресми ди­лерден оларды бөліп тұрған жүздеген километрді еңсерудің қажеті жоқ. Бұдан былай олар өз қаласында сервис орталығы­ның қызметін пайдаланатын болады, мамандандырылған қыз­меткерлердің біліктілік дең­гейін, сондай-ақ ресми сер­вистің бағасы мен сапасының тиімді арақатынасын да бағалай алады. Білікті шеберлер барлық жұмыстарды Toyota талаптарына сәйкес арнайы жабдықты пайда­лана отырып орындайды. «Жаңаөзен Тойота Сервисі» «Ақтау Тойота орталығының» уәкілетті дилерінің бірінші дер­бес сервистік орталығы ретінде танылады. Бұл автокөлік иелері үшін брендтің барлық талаптары мен стандарттарына толық сәйкес келетін жоғары сапалы қызметке қол жеткізуді ғана емес, сонымен қатар автокөлікті сатып алуға деген бұрынғыдан да кеңірек мүмкіндіктерді білдіреді. «Ақтау Тойота орталығында» жаңаөзендік автоәуесқойлар жаңа көлікке тапсырыс бере алады немесе өзінің жүрілген автокөлікте­рін жаңа Toyota-ға ауыстыру бойынша Trade-In қызметін пайдалана алады. Автокөліктің кілтін алу үшін облыс орталығына барудың қажеті жоқ – жаңа автокөліктерді беру «Жаңаөзен Тойота Сервисінде» жүргізілетін болады. Осында авто­­көлік ие­лері өз автокөліктерін Toyota Tested бағдарламасы бойынша тексерілген жүрісі бар автокөлікке айырбастай алады. «Тойота Мотор Қазақстан» президенті Кит Мэтью Симмонс мырза компания шалғай қа­лаларда өз клиенттеріне ыңғайлы болу үшін барлық қажетті ше­шімдерді енгізетінін атап өтті. Сондықтан автомобиль иелері­не бренд стандарттары бойынша қызмет көрсету сапасының жо­ғары деңгейін қамтамасыз ету үшін шағын қалаларда Toyota сервистік орталықтарының желісін ашу туралы шешім қа­был­данды. Orbis Auto автокөлік тобының бас директоры Динара Ысқақова жаңа сервис-орталықтың ашылуы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту үшін үлкен маңызға ие деп санайды. «Қазақстан өңірлерінде, әсіресе өнеркәсіп пен өндіру­ші сала дамыған жерлерде сапа­лы және сенімді автосервиске деген қажеттілік жоғары. Батыс облыстарда бірнеше Toyota дилерлік орталықтары бар және Жаңаөзен сервиске жоғары сұра­нысқа ие маңызды локация­лардың бірі болып табылады», – деп атап өтті Динара Ысқақова. Өткен жылы Toyota сервистік орталықтары Қызылорда, Теңіз және Ақсайда ашылды. «Жаңаөзен Тойота Сервисі» – Қазақстандағы Toyota ресми дистрибьюторы үшін 2S форматындағы төртінші және Orbis Auto автомобиль тобы үшін бірінші қазақстандық сервис орталығы болып табылады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

417 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы